Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2016

965

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өтті

Ақтөбеде 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі мен гүлшоқтарын қою рәсімі өткізілді. Саяси  қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шара дәстүр бойынша қала маңындағы «Түйетөбе» ескерткіші жанында өткізілді. Іс-шараға облыстық және қалалық әкімдіктер басшылары, мәслихат депутаттары,  Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары қаза болғандардың туыстары мен жақындары қатысты.

«Түйетөбе» ескерткіші маңында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі және Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан гүлшоқтарын қою рәсімінде митинг қатысушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын үнсіздік минутымен еске алды. Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Оспан Төлеби Дәділұлы мен Свято-Никольск кафедралды соборының дін қызметшісі Николай әкей аруақтар рухына дұға бағыштады. Жиналғандарға жеті нан таратылды.

   

 

 

 

«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай