
31 Қазан, 2017
1040
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш ашылды
Ақмола облысының Астрахан ауданындағы Приишимка ауылында аға ұрпақтарға деген терең ризашылық құрметі ретінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.
Ескерткіштің ашылу салтанаты құрметіне мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана қаласы «Роlасy» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары, сондай-ақ поляк жексенбілік мектебінің оқушылары қатысты.
Маңызды жиында сөйлеген сөзінде елордадағы поляк қоғамының төрағасы Е.А. Роговская саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің «Роlасy» қоғамдық бірлестігі өкілдері мен ауыл тұрғындарының қолдауымен орнатылғанын атап өтті. «Біздің ұрпақтар украиналық поляктардың Қазақстан жерінің қазіргі Приишимка ауылының 14-ші орнына мәжбүрлі түрде қоныс аударылғаны туралы қайғылы тарихи деректі білулері тиіс»,-деді Е.А. Роговская.
Терең мағыналы жиын барысында Астана қаласы поляк қоғамының өкілдері ескерткіштің ашылу құрметі Польша республикасында 1 қарашада атап өтілетін қасиетті күнге арналғанын мәлімдеп, қиын жылдары жер аударылғандарға көмек қолын созған Қазақстан халқына алғыс сезімдерін білдірді.
Қазақстан жері кеңес үкіметі кезіңде миллиондаған жер аударылғандардың құтты қонысына айналды. Бұл ретте сол кезде қамқорлық жасағандарға алғыс айту біздің адамгершілік парызымыз болып саналады. Сондықтан Приишимка ауылының тарихы Қазақстан үшін айрықша маңызға ие болып отыр. Бастысы, осыдан 80 жыл бұрын мұндағы 14-ші орынға қоныс аударғандардың тағдырлы тарихын бүгінгі ұрпақ ұмытпауы қажет. Жалпы жиында сөз сөйлегендердің ортақ пікірі осы бағытта өрбіді.
Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімінде жер аударылғандардың ұрпақтары сол кездегі қиындық шырмауында қалғандарға ерекше қамқорлық жасалғанын атап өтіп, ризашылықарын жеткізді.
1936 жылғы 28 сәуірде КСРО ХКК «Украинаның қоныс адарушылары туралы» атты № 776-120 қаулыны бекітіп, осыған сәйкес Украинада тұрып жатқан поляктар Қазақстанға қоныстанды. Ал өткен жылы Қазақстандағы поляктар Орта Азия даласына Украинадан қоныс аударғандарына 80 жыл толуын атап өтті.
Дата события ассамблеи: 31.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚХА СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
-
Алматыда «Үйде Сөйле» қазақ тілінің тағы бір сөйлесу клубы ашылды
-
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
-
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚХА СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
-
Алматыда «Үйде Сөйле» қазақ тілінің тағы бір сөйлесу клубы ашылды
-
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
-
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады