
30 Мамыр, 2022
2697
«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форумы өтті
2022 жылғы 30 мамырда А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық инситутында Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жыл сайынғы халықаралық жобасы өтті.
Биылғы жылы аталмыш жоба аясында «Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форум өтті.
Іс-шараға мемлекеттік және жергілікті органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, БАҚ, оның ішінде этноБАҚ, өкілдері қатысты.
«Қоғамдық келісім» РМУ директоры Ғ.Құсманғали кіріспе сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан 2010 жылдан бастап «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы өскелең ұрпаққа тарихи жадыны сақтауды тәрбиелеу мақсатында өткізіліп келетінін айтып өтті: «Жоба халықаралық - себебі тек қана репрессия кезіңінде қазақ жеріне 62-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері күшпен көшірілді. Қазақ халқы сол кездегі өз жағдайының ауырлығына қарамастан, жер аударылған 1,5 миллионнан астам этностың өкілдерін бауырына басты. Сол себепті, бұл, барлығымызға ортақ тарихымыздың қаралы кезеңі болып жадымызда мәңгі сақталады».
Сонымен қатар ұлттық бірегейлігін сақтап қалу жолындағы үлесі зор Алаш қозғалысының маңызына да тоқталды: «Алаш қайраткерлерінің идеялары біздің ата-бабаларымыздың азаттық алып, дербес мемлекет құру жолындағы сан ғасырлық мақсаттарымен ұштасып жатыр. Осындай өзгерістер азаттық сүйген халқымыздың болмысы мен рухына жақын болғандықтан, сол кездегі зиялылар армандаған ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына бүгінгі ұрпақ қол жеткізді». Еліміздегі соңғы оқиғалардан кейін қоғамдық трансформация басталғанын атап өтті ол «Бұл бабалар аманатын жүзеге асыру жолында жасайтын жұмыстарымыздың бірі де бірегейі».
Сөз соңында, Ғ. Құсманғали осы жайында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының 5 қаңтарда жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көрсетілгенін баса айтты: «Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек…».
Форум мақсаты - отансүйгіштікті, қоғамдық келісім мен бірлікті, жалпы азаматтық бірегейлікті нығайту, тарихи жадыны сақтау үшін ұрпақтар сабақтастығын сақтауға көңіл бөлу, тарихтың қасіретті кезеңдеріне жол бермеу үшін қоғамдастықты және жауапкершілікті сезіну.
Форум үш секция бойынша ұйымдастырылды:
1. «Саяси қуғын-сүргін: тарих қойнауынан қазіргі уақытқа дейін. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары».
2. «А. Байтұрсынұлы – Ұлттың ұлы ұстазы».
3. «Ұрпақтар сабақтастығы мәнмәтініндегі тарихи естелік. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарымен кездесу».
Секциялар жұмысы аясында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезеңінің тарихын зерттеу мәселелері, саяси қуғын-сүргін ауқымын зерттеу критерийлерінің отандық және шетелдік тәжірибесі, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үдерісі жөніндегі жобалар қарастырылды. Қазақ жазуын реформалап, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне зор үлес қосқан А.Байтұрсынұлының қызметіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ форум аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «А. Байтұрсынұлы Мәңгілік тұлға» және Қостанай облыстық мұрағатының «Қасірет және естелік» және «Алаш және Азаттық» тақырыптарындағы көрмелер ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді