Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2017

871

Селолық округ күні

Ақмола облысының Зареченское селолық округінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің, Зареченское селолық округінің Қоғамдық келісім кеңесінің қатысуымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша «Селолық округ күні» жалпыреспубликалық іс-шарасы өткізілді.

Есіл ауданының Зареченское селолық округі әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ осы іс-шараның ұйымдастырушылары болды. Кездесуге облыстық, селолық Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, ауылдың белсенділері мен қонақтары шақырылды.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын, сонымен қатар Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған конституциялық реформаларды Ақмола облысының Қоғамдық келісім кеңестерінің талқылауы мен түсіндіруі. Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – рухани бірлік идеясын қалыптастыру және тарату, жалпы ұлттық шоғырланудың, ішкі саяси тұрақтылықтың, азаматтық татулықтың негіз қалаушы факторлары болып табылатын достық пен ұлтаралық келісімді насихаттау.

Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері 2012 жылдың наурызында ашылған, күрделі жөндеуден өткізілген 100 орындық "Айналайын" балабақшасын тамашалады. Зареченское селолық округінің Қоғамдық келісім кеңесінің және «Заречный» ЖШС директоры Уәлихан Ариповтың жемісті серіктестігімен баланың балабақшаға келуі үшін төленетін төлемақы 50%-ға азайтылды. Қазіргі күні ата-аналар айына бар болғаны 4 мың теңге төлейді.

Жалпыреспубликалық іс-шараның қонақтары мен қатысушылары алдында «Астана-опера» театры стиліндегі жаңа селолық Мәдениет үйінің есіктері айқара ашылды. Заречное селосының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды.

Іс-шараның қатысушылары алдында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген басым бағыттарға тоқталып өтті.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жұмысы туралы, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің қызметі туралы Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптық бөлімінің басшысы Динара Мұхамбетова баяндады.

Өз сөзінде әкім және Зареченское селолық округінің Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Наталья Милюк агроөнеркәсіп кешенінің, көліктің, логистиканың, құрылыс секторының еңбек өнімділігін арттыру шарттарының бірі ретінде дамуы қажеттігіне назар аудартты. Қазіргі уақытта Есіл ауданында мал шаруашылығы технологиясының дамуы арқасында

«Заречный» ЖШС ғана экспортқа өнім шығарады. Сиыр етін өткізу бойынша ауданның жылдық жоспарын бірнеше есе жабады.

Қазақстан барлық еуразиялық континентте дән өндіру бойынша «нан қоржынына» айналуы тиіс. Қазірдің өзінде субсидиялар бөлу және өнімді сақтандыруға ақырындап көшу мәселесі қайта қарастырылған. Мемлекеттің қолдауы арқасында ауыл тұрғындары мал тұқымын өзгерту аясындағы «Мал шаруашылығы» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Мүшелері ірі қара мал иелері болып табылатын «Заречное» ҚКК мемлекеттен субсидия алу арқасында 3 жыл бойы халықтың малы үшін тегін жайылымды қамтамасыз етті, «герефорд» тұқымдас бұқаларды сатып алу арқасында жас төлдің сапасы айтарлықтай жақсарды. Бірақ қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелері шықты. Сол себепті қазір Заречное ауылының тұрғындары үшін шұғыл шешуді талап ететін мәселелер бар.

Селолық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Заречное орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Шағын Қазақстан халқы Ассамблеясы» үйірмесінің басшысы Лариса Евтух «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз» деген ауқымды тақырыпқа арналған мектеп ассамблеясының қызмет ету тәжірибесімен бөлісті. Оның жұмысы оқушыларға интернационалдық және патриоттық тәрбие беру ісіне жәрдемдеседі. Өмірге қадам басқан жас адам өмір сүру мен дамудың шарттарын, мәселелер ортасын, еліміздегі барлық халықтардың дәстүрлерін, салттарын білуі тиіс. Сол себепті мектеп ассамблеясының жұмысы негізінде Қазақстан халықтарының өмір салттарын, тарихы мен мәдениетін ашуға және түсіндіруге бағытталған қағидат орныққан.

Мектеп ассамблеясының барлық жұмысын біздің Президентіміздің мына сөзімен айтуға болады: «…біз әрі қарай жұмыс істеп, Отанымыздың толерантты патриоттарының болашақ ұрпағын тәрбиелейміз. Ол - біздің ортақ міндетіміз».

Аталмыш іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін және аймақтағы ұлтаралық келісім мен ұлттық бірлікті дамыту мен нығайтуға, өзіндік мәдениетті, дәстүрлерді сақтау мен көбейтуге, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты күшейтуге мол үлес қосқаны үшін Зареченское селолық округінің Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері қошеметке бөленіп, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ естелік сыйлықтарына ие болды.

Мәдениет үйінің төрінде іс-шараның қатысушылары үшін Ақмола облысының Қоғамдық келісім кеңесінің қызметі жөнінде көрме ұсынылды.

Кейін қарай