04 Ақпан, 2020
2089
Семей: Этномәдени орталықтар медиация рәсімі мен дауды шешу құралдарын талдады
Семей қаласының Достық үйінде этномәдени орталықтардың өкілдерінің қатысуымен медиация курсы бойынша «Медиация рәсімі және дауды шешу үшін медиатордың құралдары» тақырыбында семинар өтті.
Достық үйінің кәсіби медиаторы, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Мақат Шапиев медиация - тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың көмегімен тараптар арасындағы дауды (жанжалды) реттеу рәсімі екенін атап өтті.
Семинар барысында әр мамандану бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. Аталған іс-шараның мақсаты – сотқа дейінгі тәртіпте, сотта, соттан кейін және медиацияны қолдану арқылы атқарушылық іс жүргізу сатысында даулы жағдайларды шешу мәдениетін қалыптастыру, медиация институтын халық арасында насихаттау, сондай-ақ қоғамдағы жанжалды жағдайларды азайту.
Сабақ барысында даулы жағдайлар бойынша ойын көріністері ұйымдастырылып, онда әрбір жағдай және оны шешу жолдары қарастырылды.
Семинар соңында қатысушыларға кәсіби емес медиаторлардың арнайы сертификаттары табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті