
20 Маусым, 2024
190
Сенатта «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныстырылды
Сенатта «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы болды. Онда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныстырылды. Жобаның мақсаты Парламент депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, мемлекеттік органдардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара тұрақты іс-қимыл жүйесін ұйымдастыру болып табылады.
Сенатор Закиржан Кузиев Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық этиканы орнықтыруда орталық органдар ғана емес, сонымен қатар өңірлік билік рөлінің маңыздылығын да атап өткенін еске салды. Қоғамда өскелең өмірді бағдар ететін және дүниетанымның ажырамас бөлігіне айналатын ұстанымның кеңінен қанат жаюы үшін тиімді тетіктер іздеу мен ұсыну және ілгерілетуде орталық пен өңірлер тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.
«Жобаны іске асыру барысында халықтың өзекті мәселелері айқындалатын болады, ол Парламент, мәслихаттар депутаттарының жұмысында және олардың өзара іс-қимылында көрініс табады. Біз өз жұмысымызда Ассамблеяның және өкілді биліктің өзекті мәселелері мен міндеттерінің барлық саласын қамтитын боламыз, сондай-ақ Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ҚХА өкілдері мен этномәдени бірлестіктер басшыларының қатысуымен жергілікті жердегі этносаралық қатынастар мәселесін тұрақты қарауды қамтамасыз етеміз. Біздің жұмысымыздың басты бағыты әрқашан этноәлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын алу болуы тиіс», - деді Закиржан Кузиев.
Сенатор Ольга Булавкина Қазақстанда 100-ден астам этнос бар екенін атап өтті, бұл біздің елімізді бейбіт қатар өмір сүру мен өзара сыйластық демократиялық құқықтық азаматтық қоғам құруға негіз болған әлемдегі ең көп ұлтты елдердің біріне айналдырады. «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасының ауқымындағы сындарлы диалог заңмен бекітіле отырып, қоғамдық, конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтаудың негізгі құралдарының біріне айналады. Сондай-ақ пісіп-жетілген әлеуметтік өзгерістерді уақтылы және қолайлы шешуге, лайықты өмір сүру жағдайын жасауға ықпал ететін болады.
Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков өз кезегінде өңірлер мәслихаттарының және ҚХА құрылымдарының жұмысы туралы айтып берді. Мәселен, мәслихат төрағалары мен депутаттар кеңестердің отырыстарына, өңірлік сессияларға қатысады және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездеседі. Жобаны іске асыру бұл жұмысты барлық өңірлерде жүйелеуге, мекемеаралық жұмыс жоспарлары мен жол карталарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Риддер қаласының «Ассамблея жастары» өкілдерімен және белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
21 Қыркүйек, 08:53
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
21 Қыркүйек, 08:50
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
23 Қыркүйек, 23:51
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Риддер қаласының «Ассамблея жастары» өкілдерімен және белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады