05 Маусым, 2024
478
ШҚО ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Өскемен қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы өтті.
Сессия отырысын облыстық Ассамблея төрағасы, облыс әкімі Ермек Көшербаев жүргізді.
Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Достық үйлерінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА қоғамдық мекемелерінің директорлары қатысты.
Іс-шараның басты күн тәртібі Қазақстан халқы Ассамблеясы XXXIII Сессиясында Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері мен тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жиынбарысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмекжинап, жөнелтуге атсалысқан волонтерлер мен меценаттар құрметке бөленді.
Марат Әзілханов алғы сөзінде: «Жерлестер қиын-қыстау кезеңдеазаматтық ерліктің, мейірімділіктің, адамгершіліктің үлгісін көрсетті, мен көмекке келген барлық шығысқазақстандықтарға алғыс айтамын» дей келе, 140 тонна гуманитарлық көмек жөнелткен және қайырымдылық қорына 3 миллион теңге аударған Шығыс Қазақстан облысының осы игі мақсаттақосқан үлесін атап өтті.
Сессия қорытындысы бойынша облыс әкімі Ермек Көшербаев облыстық Достық үйі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне жаңа шағын автобустың кілтін табыс етті.
Соңында су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарына көмек көрсеткен ҚХА мүшелері, волонтерлер мен меценаттар алғыс хаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48