Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қыркүйек, 2025

12

ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті

Шығыс Қазақстан облысында «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті.

Іс-шарада келісім институттары мен азаматтық белсенділікті дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Сессия жұмысына Достық үйлерінің директорлары, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жетісу облысы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Еркебұлан Ақболатов Достық үйлері бүгінде келісім орталықтары ғана емес, мәдени, жастар және азаматтық бастамаларға арналған алаңдар болып отырғанын атап өтті.

Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Эльмира Жанғазиева Достық үйлерінің қазіргі қызметінде тарихи-мәдени мұраны интеграциялаудың маңыздылығына тоқталды.

«ТРИНТА» қорының директоры Юлия Натарова Достық үйлерінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті.

ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нелли Краснобаева этносаяси диалогты дамытудағы ғылыми қауымдастықтың рөліне назар аударды.

«Ассамблея жастары» РҚБ ШҚО филиалының төрағасы Равиль Юнусов жастарды Достық үйлерінің жұмысына тартудың маңызын ерекше атап өтті.

«Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әсел Артакшинова Достық үйлерінің келісімнің нышаны әрі азаматтық белсенділік орталығы ретінде қызмет етіп келе жатқанын айтты.

Сессия қорытындысында қатысушылар табысты тәжірибелермен жүйелі түрде алмасудың, жастар және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтудің, сондай-ақ Достық үйлерінің азаматтық бастамаларға, диалог пен мәдени алуандыққа арналған алаң ретіндегі рөлін нығайтудың қажеттілігін атап өтті.

Достық үйлері Қазақстандағы сенім мен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін негізгі институттар мәртебесін тағы да дәлелдеді. Алдағы уақытта олардың қызметі қоғамды біріктіруге, жастар бастамаларын дамытуға және мәдени мұраны сақтауға бағытталатын болады.

Кейін қарай