07 Желтоқсан, 2021
372
ШҚО-да ҚХА республикалық лекторийі қорытындыланды
Шығыс Қазақстан облысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттау жөніндегі екі күндік республикалық лекторий өз мәресіне жетті.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Мұхамедчинов, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы Б.Жарке, сондай-ақ ҚХА мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және т.б. қатысты.
Лекторий аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға қатысу мәселелері, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін нығайту жөніндегі алдағы шаралар қаралды.
Іс-шара барысында Өскемен қаласының педагогикалық құрамымен және оқу орындарының студенттерімен, Глубокое ауданының «Масленица дақылдарының тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС еңбек ұжымымен бірқатар кездесулер өтті. Кездесулер барысында спикерлер қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі, медиа кеңістіктегі және жастар ортасындағы этносаралық негіздегі қақтығыстардың алдын алу, қоғамдық келісімді нығайту үшін азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту, этномедиацияны дамыту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, «Үміт» балалар үйінде ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда басты рөл отбасылық ошақтың сақтаушысы, қазіргі қоғамның белсенді мүшелері ретінде әйелдерге беріліп, қазіргі қоғамның өзекті тақырыптары талқыланды.
Республикалық лекторий аясында Семей қаласындағы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы мұражай ұжымымен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, қала жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында түрлі салаларда жұмыс істейтін спикерлер қатысушыларға ұлттық бірегейлік қағидаттарының «іргетасы» неден қаланатынын айтып, көпэтносты ортадағы үйлесімді коммуникацияның мәнін, сондай-ақ жанжалды жағдайлардың алдын алу әдістерін талқылады.
Сондай-ақ, түрлі мәдениет, білім, спорт, өнеркәсіп және бизнес салаларындағы этностардың жетістіктері, халықтық-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдеріне қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті ілгерілету жөніндегі республикалық лекторийді ұйымдастыруда қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.
Бұл іс-шара ағымдағы жылдың соңғы қорытынды лекторийі екенін атап өткен жөн. Жалпы, 2021 жылдың басынан бастап қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей қазақстандық моделін насихаттау жөніндегі республикалық лекторий Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және еліміздің басқа да облыстарында өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23