
18 Қазан, 2024
445
ШҚО-да ҚХА Журналистер клубының ІІІ көшпелі отырысы өтті
2024 жылғы 18 қазанда Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қабырғасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кезекті көшпелі отырысы болып өтті.
Іс-шара толеранттылықты нығайту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
Кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаты – «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» ҚХА жобасының жетекшісі Геннадий Шиповских, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы – Ғалым Шойкин, MediaNet халықаралық журналистика орталығының тренерлері, аймақтық клубтардың мүшелері, сондай-ақ журналистика факультетінің студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.
ҚХА Журналистер клубының отырысына қатысушыларға арналған алғысөздерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының инспекторы Мұхтар Күлжан, Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігінің жоба үйлестірушісі – Әділжан Ахметов пен Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚХА Хатшылығының меңгерушісі – Валентина Миронова айтып өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин өз сөзінде БАҚ-тың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы шешуші рөліне тоқтала отырып, журналистер тек ақпаратты жеткізіп қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік саясатты қабылдауын қалыптастыратынын атап өтті.
Ол этносаралық терминдерді дұрыс қолдануға, «өшпенділік тудыратын сөздердің» алдын алуға және осы тақырыпты қозғаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға ерекше көңіл бөлді. Шойкин сондай-ақ елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етпейінше, тұрақты дамудың болмайтынын атап өтті. Сондай-ақ министрліктің этножурналистика саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты – «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» ҚХА жобасының жетекшісі Геннадий Шиповских мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі ретінде дамытудың маңыздылығын талқылады. ҚХА қызметін ақпараттық қамтамасыз етудің басым бағыттары туралы ҚР МАМ ЭҚДК «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары – Әсел Артакшинова айтып өтті.
Сондай-ақ, кездесу аясында ұйымдастырылған коворкинг алаңында блогер, әрі жүргізуші Әнуар Ахметқалиев интерактивті қолданыс арқылы аудиториямен өзара байланыс туралы баяндама жасады. Әлеуметтанушы, PaperLab ғылыми-зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев ақпараттық саладағы этносаралық қақтығыстардың алдын алудың 10 ережесімен және «өшпенділік тілін» анықтау әдістемесімен бөлісті.
Factcheck.kz сайтының бас редакторы Думан Смақов этносаралық қақтығыстар кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында этносаралық мәселелерді жариялау және көрнекі ақпараттың дұрыстығын тексеру тәсілдері туралы өз ұсыныстарымен бөлісті.
Жиын аясында өткен семинардың қорытындысы бойынша белсенді қатысушыларға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты – ҚХА Журналистер клубының төрағасы Әлішер Сатвалдиев пен ҚР МАМ ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутованың атынан сертификаттар табыс етілді.
Айта кету керек, ҚХА Журналистер клубының соңғы төртінші көшпелі отырысы 28-29 қазан күндері Қонаев қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысының Ұйғыр ауданында аудандық ҚХА мүшелерімен кездесу өтті
-
Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесу өтті
-
«Жеңіс - бірлікте» ҚХА спорттық платформасы аясында пауэрлифтингтен «Алтын Батыр 5» Әлем чемпионаты өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Риддер қаласындағы Достық үйіне барды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті
-
Риддер қаласының «Ассамблея жастары» өкілдерімен және белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өтті
21 Қыркүйек, 08:53
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
21 Қыркүйек, 08:50
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
20 Қыркүйек, 08:43
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысының Ұйғыр ауданында аудандық ҚХА мүшелерімен кездесу өтті
-
Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесу өтті
-
«Жеңіс - бірлікте» ҚХА спорттық платформасы аясында пауэрлифтингтен «Алтын Батыр 5» Әлем чемпионаты өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Риддер қаласындағы Достық үйіне барды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті
-
Риддер қаласының «Ассамблея жастары» өкілдерімен және белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өтті