12 Қазан, 2020
996
ШҚО ҚХА еріктілері диалог алаңын өткізді
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері аудандық Достық үйлерінің еріктілерімен кездесіп, «Біз – Қазақстанның болашағымыз» атты диалог алаңын өткізді.
Облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Равиль Юнусов:
- Осындай кездесулер бізді бір-бірімізге жақындастыратынына сенімдімін. Жаңа идеяларды ортаға салуға және жемісті ынтымақтастық орнатуға көмектеседі, - деді.
Облыстық Достық үйінің еріктілер қозғалысының өкілдері өздерінің еріктілер жұмысына енді аяқ басып келе жатқан әріптестеріне тәлімгер ретінде жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Атқарылған жұмыстар талқыланды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары талданды.
Өскемен қаласындағы "Қызыл Жарты Ай" гуманитарлық бірлестігінің алғашқы көмек көрсету бойынша жаттықтырушысы Арайлым Әбілғалымова аудиторияға коронавирустың алдын алу туралы айтып, жасанды тыныс алуды қалай дұрыс жасау керектігін толық түсіндірді. Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
- Менің ойымша, әрбір адам алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеруі керек, өйткені іс-әрекеттің дұрыс алгоритмін біле отырып, басқа адамның өміріне араша түсуге болады. Мен өзім мысал көрсету арқылы балаларға сондай жағдайда абдырап қалмай, зардап шегушіге дер кезінде көмектесуді көрсеткім келді, - деді Арайлым Әбілғалымова.
Бұдан соң ашық талаңға жиналған қауымды "Менің таңдауым" әлеуметтік ойыны күтіп тұрды. Бұл ойынмен жастарды ШҚО Азаматтық Альянсының өкілдері таныстырды.
- Ойынның ерекшелігі – миниатюрадағы өмірдің проекциясы, яғни әлеуметтендіруге қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді: қиял мен эмоционалды зияткерлікті белсендіреді, әлеуметтік капиталды алуға үйретеді, - деп бөлісті Азаматтық Альянсының директоры Ольга Бобрышева.
Іс-шара соңында еріктілер алғыс хаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті