Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Шілде, 2015

900

ШҚО ҚХА I жарты жылдықтағы жұмысын қортындылау бойынша кездесу.

3 шілде күні мемлекеттік мерекеміз – Астана күнін мерекелеу қарсаңында және Ассамблея жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, Достық үйлерінің бірінші жарты жылдықтағы жұмысын қорытындылау бойынша облыс әкімінің орынбасары Ж. Омардың ШҚО ҚХА Ассамблеясы хатшылығы өкілдерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ШҚО ҚХА ғылыми-сараптық тобының, облыстың этномәдени және қоғамдық бірлестіктер мүшелерімен, қалалар мен аудандардағы Достық үйлерінің директорларымен кездесуі өтті.

Іс-шара бағдарламасында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған Ұлттық іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының, облыстың Достық үйлерінің, ШҚО ҚХА ғылыми-сараптық тобының жұмыстары туралы ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Е.М. Аязбаевтың, ШҚО ҚХА ғылыми-сараптық тобының төрағасы Н.Л. Краснобаеваның, Зырян қаласы Достық үйінің директоры Г.М. Дедованың, Риддер қаласы Достық үйінің директоры А.В. Мосинаның баяндамалары тыңдалды.  

Облыс әкімінің орынбасыры Жақсылық Мұқашұлы кездесуге қатысушылармен жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ҚХА хатшылығының, Достық үйлерінің жұмысын талқылады. Сонымен бірге этномәдени бірлестіктердің өкілдері тарапынан толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, оған қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, өңірдегі Достық үйлерінің директорларымен, әдіскерлеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл мерекелік медалін тапсырды. Сонымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ЭМБ белсенді мүшелері құрмет грамотасымен марапатталды.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы

Кейін қарай