Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Тамыз, 2016

950

ШҚО ҚХА медиация кабинеттернің ашық есік күні

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында  республикалық «Медиация күніне» арналған ашық есік күні болып өтті. Алаңда алдымен балаларға арналған ойын-сауықтық бағдарламалар, достық жайындағы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар бүлдіршіндер  сурет салу, мақал-мәтелдерді шешу арқылы түрлі сыйлықтарға ие болды. Іс-шараға келген қонақтарды  «Нирвана», «Твикс» және «Молодежный формат» атты жайдарман топтары өздерінінң көңілді әзілдерімен баурап алды.

Мерекенің екінші бөлімінде  құттықтау сөз алған,  ҚХА ШҚО хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев, ШҚО Әділет департаментінің бас маманы Е.И. Троеглазова және «Ұлттық медиаторлар палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының директоры М.И. Дячук медиация саласындағы жасалып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, келген қонақтарға алғыс білдірді.

Іс-шара барысында қонақтар облыстық Пушкин атындағы кітапхана ұсынған Қазақстан тарихының заңдары жайындағы көрмені тамашаласа, дөңгелек үстел барысында Шығыс Қазақстан облысы сотының төрағасы Д.С. Әміров аймақтағы медиация саласының алға басуына қол ұшын созған қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар  кәсіби медиаторлар азаматтарды тегін қабылдау жүргізіп, көптен бері шешімін таппай жүрген сұрақтардың жауабын алуға септігін тигізді.

Кейін қарай