29 Қыркүйек, 2020
11021
ШҚО жастары жобаларды ілгерілету мүмкіндіктері мен конкурсқа қатысу өтінімдерін дұрыс қалыптастыруды үйренді
Оқу жылының басталуымен «толеранттылық мектебі» жаңа идеялармен, қызықты тренингтермен, шеберлік сыныптармен және пайдалы дәрістермен жұмысқа қайта оралды.
Алайда мақсаттар өзгеріссіз қалды - жас ұрпақпен байланыс орнату, білім беру қызметін жүргізу, жас белсенділерге өз жолдарын табуға және өзін-өзі дамытудың барлық тетіктерін ашуға көмектесу. Іс-шараға жоғарғы оқу орын студенттері, ШҚО ҚХА еріктілері қатысты.
Кезекті кездесуде оқушылар спикерлермен бірге кең ауқымды мәселелерді талқылады, соның ішінде ұлы философ және ағартушы Абай Құнанбаевтың мұрасы туралы сөз қозғап, оның шығармаларының әрқайсымыздың өмірімізбен тығыз байланысын көрсетті.
- Халық данышпанының шығармашылығы Отанға деген сүйіспеншілікке толы. Өз өлеңдерінде ол қазақстандық табиғаттың сұлулығын жырлап, сол арқылы патриоттық сезімді оятты. Ол өз ұрпақтарын адамгершілікті, ізгілікті сақтауға және, ең бастысы, жұмыс істеуден қорықпауға шақырды.
«Мен жас ұрпақтың ойшылдың шығармашылығына қызығушылық танытып, оның «нұсқауларын» орындауға тырысатынына өте қуаныштымын», – деп атап өтті тарих ғылымдарының кандидаты, ШҚО ҚХА ҒСТ төрағасы – Нелли Краснобаева.
Сондай-ақ, жастар саясатының мәселелері мен перспективалары қарастырылды, волонтерлік тақырыбы егжей-тегжейлі баяндалды.
Өз сөзінде ШҚО Азаматтық Альянсынан Ольга Бобрышева мен Руфит Ахмедзянов мемлекеттік гранттар туралы, өз жобаларын тек республикалық деңгейде ғана емес, халықаралық дәрежеде де ілгерілету мүмкіндіктері туралы айтып, қатысушыларға конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қалай дұрыс қалыптастыру керектігін үйретті. Іс-шара сертификаттарды дәстүрлі тапсырумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23