Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қазан, 2017

775

«Шаңырақ» конкурсының өңірлік кезеңі өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі облыстың журналистері арасында конкурстың өңірлік кезеңін өткізді.  

Петропавлдың Достық үйінде конкурстық комиссияның отырысы болып өтті. Достық шаңырағында жайлы жағдайда шай іше отыра, қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын қарап, талқылады. Комиссия құрамына тәжірибелі журналистер мен газеттер мен телеарналардың редакторлары енді:  Валерий Мерцалов – «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі, журналистік өтілі 44 жылды құрайды. Өмір Есқали – «Егемен  Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі. Ақләйлек Жаукина – «Молодежная – Жастар» газетінің редакторы және Халия Жолдаспаева – «МТРА» телеарнасының бас редакторы. Комиссияны СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов пен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әсемгүл Есқожа  толықтырды.

Ұзақ пікірталас барысында қазылар алқасы мүшелері бірауыздан мынадай қорытындыға келді: «Бірлік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған үздік ақпараттық материал» номинациясында 1-орын «Проспект СК» газетінің тілшісі Татьяна Делльге беріледі. 2-орын «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары Валентина Корневаға бұйырды.  3-орынды М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Парасат» медиаорталығының редакторы Богдан Петров иеленді.

«Ассамблеяның, соның ішінде өңірлердегі жұмыстың жаңа бағыттарын ашатын үздік ақпараттық материал» номинациясында 1-орынды «Первый северный» телеарнасының журналисі Салима Базарбекова қанжығасына байлады. 2-орын «Қазақстан» РТРА АҚ СҚОФ шығармашылық тобының редакторы Наталья Аитоваға беріледі. Ал 3-орынға «МТРА» телеарнасының тілшісі Александра Салмина ие болды.

«Бірлік пен келісімді нығайтуға еңбек ұжымдарының қосқан үлесіне арналған үздік ақпараттық материал» номинациясында 1-орын «Солтүстік Қазақстан» газеті қоғамдық саясат бөлімінің меңгерушісі Арайлым Бейсенбаеваға беріледі.

«Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналған үздік ақпараттық материал үшін арнайы жүлде» номинациясында 1-орын «Қазақстан» РТРА АҚ СҚОФ редакторы Индира Қалиеваға берілді.

Бірінші орын алған жұмыстар Астана қ. республикалық конкурсқа жіберілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!

Танытқан қызығушылығы мен шығармашылық өнері үшін қатысушыларға алғыс айтамыз!

Дата события ассамблеи: 13.10.2017

Кейін қарай