Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қаңтар, 2017

943

Шеберлік сабақтары өтті

2017 жылдың 24 қаңтарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ–дың журналистика факультетінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ республикалық әдістемелік медиация кабинетінің меңгерушісі Нұрсәуле Әбдіқадырқызы Альтекова «Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтының дамуындағы рөлі» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.

Достық үйіндегі медиация кабинетінде өздері шешімдерін таба алмай жүрген сұрақтары бойынша қала жұртшылығын күн сайын қабылдау жүргізу туралы айтылды.

Медиация дегеніміз – өзара  келісімге келе алмаған тараптардың арасында олардың әрқайсысын қанағаттандыратын шешім табу мақсатында делдал-медиатордың қатысуымен жүргізілетін келіссөздер. Оны Қазақстанда енді дамып келе жатқан салалардың бірі десек болады. Медиатордың негізгі міндеттері, келіссөздерді оң арнаға бұрып, дауды мүмкіндігінше соттың көмегінсіз лайықты шешім қабылдауға жәрдемдесу.  Кез-келген мәселе бойынша кеңес алуға мұқтаж халық осы кабинетке көмекке жүгіне алады.

Өзінің студенттерге арнап оқыған дәрісінде Н.Альтекова бірнеше мәселені сөз етті. Соның бірі, қазақ отбасына тән қасиеттерді, әсіресе отбасындағы қыз баланың рөлі жайлы айтып, өз басынан өткен өмірлік тәжірибесімен бөлісті. 

Осы өткізілген шеберлік сабақтан студенттер жағымды әсер, өмірде қажет болатын пайдалы кеңестер ала білді. 

Кейін қарай