Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Қыркүйек, 2015

755

«Шекарасыз ән» фестивалі жалғасуда

2015 жылғы 19 қыркүйекте сағат 11.00-де «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы этномәдени бірлестіктер арасында «Шекарасыз ән» фестивалі өтеді.

Ұйымдастырушы: облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Байқауға облыстық этномәдени бірлестіктер мен олардың филиалдарының өкілдері қатысады.

Фестивальдің мақсаты мен міндеті: Қазақстан халқының бірлігін сақтау және еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, этностардың қарым-қатынасын арттыру, сонымен қатар, орындаушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы талантты әншілерді анықтап, оларға қолдау көрсету, өңірдің мәдени имиджін көтеруге атсалысу.

Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.

Кейін қарай