02 Тамыз, 2015
910
«Шетсіз, шексіз ән» халықаралық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті
Тамыз айының 2-сі күні «Достық» концерт залында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына және ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің аймақтық кезеңі өтті.
Тамыз айының 2-сі күні «Достық» концерт залында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына және ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің аймақтық кезеңі өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша 29 тамызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында Гала-концерт өткізіледі. Гала-концертте іріктеу кезеңінен өткен ең озат шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсететін болады.
Павлодар облысында өткізілген «Шекарасыз ән» шығармашылық мәресіне этномәдени бірлестіктер мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің шығармашылық ұжымдары қатысты. Аймақтық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша республикалық сайысқа келесі ұжымдар жолдама алды:
- Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін үш тілде орындаған кәріс этномәдени бірлестігінің «Кымпитсори» жастар вокалдық ансамблі (шығармашылық жетекшісі – Елена Кан);
- Казак әндерінің республикалық және халықаралық сайыстарының лауреаты, «Шолоховская весна - 2012» фестивалінің Гран-при жүлдегері, «Хороша наша станица» әнін орындаған Сібір казактары одағының «Ертіс желісі» қоғамдық бірлестігінің хоры (шығармашылық жетекшісі – Вера Ковеня);
- «Нарыль» әнімен кәріс этномәдени бірлестігінің әншісі Елена Кан;
- «Эвридика» әнімен «Полония» поляк этномәдени бірлестігінің әншісі Екатерина Романенко.
Шығармашылық додада бағын сынағалы отырған барлық шығармашылық ұжымдарға сәттілік тілей отыра, елордамыз Астана қаласында өтетін «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің жүлдегері атануларына тілектеспіз!
Павлодар облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
медиа қамту бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті