28 Қараша, 2016
952
Шығармалар байқауы өтті.
Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық кітапханада Республикамыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында мемлекеттік тілде шығарма жазу байқауы болып өтті. Байқаудың ұйымдастырушылары облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-і. Мерейтой алдында осындай маңызды тақырыпта шығармалар байқауының қатысушыларына облыстық кітапхана директоры Э.Абденова, «Днепро» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Ф.Клименко, ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М.Миражапова, облыстық «Знамя трудаы» газетінің тілшісі В.Мазур жиналғандарға сәттілік тіледі.
Байқауға 200-ден астам адам қатысып өздерінің мемлекеттік тілде шығарма жазу мүмкіндігін байқап көрді. «Бүгінгі байқауға 200 дей адам қатысып отыр, олардың ішінде этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының білімгерлері мен оқушылары, сонымен қатар «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері де бар»,- деп атап өтті облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Сауле Құрманқұлова. - Бұл іс-шараның басты мақсаты - «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Тәуелсіз Қазақстанымызды мақтан тұту».
«Мен бүгін осы байқауға қатыса отырып, өзімнің білімімді, әлеуметтік және творчестволық белсенділігімді арттыруға мүмкіндік алдым деп айта аламын. Жақын арада біздер республикамыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаймыз. Мен Қазақстанымды мақтан тұтамын!» , - деп өз ойымен бөлісті колледж білімгері, байқауға қатысушы Тутия Жаббарова.
Шығармаларды ең үздік филолог мамандары мен ұстаздар тексерді. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік шығармалар арнайы дипломдар мен естелік сувенирлермен марапатталады.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз – қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады