04 Қараша, 2016
1315
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
3 қарашада «Достық үйі» ғимаратында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында эссе, өлеңдер жазу байқауы өтті. Іс-шараны «Шуақты өлке-2050» қоғамдық қайырымдылық қоры Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша ұйымдастырды.
Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білімі мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты арттыру, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара респубикалық байқаудың іріктеу кезеңі болып табылады. Байқауда Маңғыстау облысы мектептерінен, колледждерінен келген жалпы саны 21 қатысушы бақ сынасты. Алдымен тіркеуден өтіп, байқау ережелерімен танысқан қатысушыларға эссені жазу үшін 1 сағат уақыт берілді. Олар осы уақытты тиімді пайдаланып, ой-толғауларын дер кезінде жазып, бітіруге тырысты.
Сонымен қатар, сол күні Түркиядан Ақтауға жолы түскен қонақтар біздің Достық шаңырағына да ат басын бұрды. Оларды «Қоғамдық келісім» ұжымы құшақ жая қарсы алып, дәстүр бойынша қазақ халқының ұлттық тағамдарын ұсынды. «Достық үйіне» саяхат жасап, таныстырды. Қонақтар ұжымның қонақжайлылығына тәнті болып, алғыстарын жаудырды. Олар «Достық үйін» аралап болғанға дейін, қатар болып жатқан эссе жазу байқауы да тәмамдалған еді.
Арнайы бекітілген әділқазы алқаларының тексеру нәтижесі бойынша ең үздік эссе авторлары анықталды. Үшінші орын – №27 орта мектептің 9 сынып оқушысы, ұлты украин Татьяна Карпова, екінші орын – Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенті Асима Жанқұлова ие болды. Ал бірінші орынды Тәуелсіздікке арнап өлең жолдарын арнаған Ақтау технологиялық колледжінің студенті Бексұлтан Тәженов алды. Осы орынға ие болғандардың жұмыстары республикалық деңгейде болатын байқауға жолданатын болады. Байқау ұйымдастырушылары жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттап, бағалы сыйлықтар ұсынды. Келген қонақтар да марапаттау рәсіміне қатысты. Олар патриоттық тәрбиеге баулитын осындай байқаулардың болып тұратынына тәнті болды. Сондай-ақ, қонақтар барлық қатысушыларды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті