05 Тамыз, 2015
856
Шығыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерімен кездесу
2015 жылдың 5 тамызы күні Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Л. Тоғжановтың, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары О.Г. Дымовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан халқының 100 нақты қадам аясындағы біртектілігі мен бірлігі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. «Біздің кездесуіміздің заң үстемдігі бекітілетін облыстық соттың ғимаратында өтуінің жақсы нышаны бар, - деп атап өтті өз сөзінде Ералы Тоғжанов, - сот төрелігі мен Ассамблеяның өзара іс-қимылының бұл форматы Мемлекет басшысы жүргізіп отырған құқықтық және этностық саясаттың қоғамның бар саласында қолдау тауып отырғанын көрсетеді».
Конференцияда оқылған баяндамалардың басты бағыты реформаның IV бағыты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» бағытындағы Ассамблеяның қызметіне қатысты тармақтар, азаматтық біртектілікті нығайту мен республиканың табысты дамуы үшін берік іргетас құру болып табылды. Тұтастай алғанда күн тәртібінде мемлекеттің және қоғамның тарапынан кеңінен қарастыруды талап ететін бірнеше мәселелер қамтылды. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Ұлт жоспарының маңыздылығына мән бере отырып, бірқатар мәселелерді республикалық Ассамблея өкілдерімен талқылады. Сондай-ақ қатысушылар Ассамблея жылының манызды оқиғаларымен және республика бойынша Достық үйлерінің жұмысындағы қызықты деректерімен бөлісті.
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени және қоғамдық бірлестіктері өкілдерімен, сонымен бірге ШҚО ҚХА ҒСТ мүшелерімен кездесу өтті. Онда қатысушылар ҚХА жылы аясында өткізіліп жатқан акциялардың ауқымдылығы мен мәні туралы және теңдесі жоқ «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» - 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың келешек жоспары туралы ашық әңгімелесті.
«Біз әр қадамымызды жасаған сайын бірте-бірте үлкен елдің үлкен отбасына айналып, азаматтық біртектілік қағидатындағы бірліктің бірегей моделін нығайта түсеміз, - деп атап көрсетті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Л. Тоғжанов, - онда әркім қоғам мен мемлекет тарапынан қолдауды анық сезінетін болады».
6 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының жұмыс сапары шеңберінде Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» салтанатты іс-шара болып өтті.

Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты