
27 Қараша, 2023
240
ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ӨЛКЕСІНЕН
Елімізді әлем назарында алдыңғы орыннан танытатын ерекшелік – мемлекетіміздегі этностардың өзара татулығы мен ұйыған тірлігі. «Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік!», деп осы тұрғыда нақты баға берді.
Сонымен қатар биылғы халыққа Жолдауында да Президентіміз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ екенін атап айтты. Ол осы ретте Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәніне назар аудартты. Расында Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде қатар ала отырып ол адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды деді.

Дәл осындай мақсатта Риддер қаласының Достық үйінде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея – жастар көзқарасы» атты XXIX сессиясы қатысып келдім. Сессияның арнайы спикері ҚР Президент әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко, сессияға төрағалық еткен облыс әкімі Ермек Көшербаев қазақ халқының тату-тәтті өмір сүруі ел тұрақтылығының нәтижесі десе, өңірдегі қоғам белсенділері мен этномәдени бірлестік өкілдері татулығымыз бен бірлігімізді бірлескен келісім арқылы көрсете аламыз деп өз ұстанымдарын жеткізді.
Еліміздің тұтастығы мен бірлігі үшін барша қауымды мемлекеттік саясатты қолдап, Қазақстан деген әлем танып келе жатқан Еегемен елдің дамуына жан-жақты атсалысуға шақырамын.
РАХМЕТ ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫС ӨЛКЕСІ!
#Қазақстан #ШҚО #ҚХА
#Бірлік #Тұрақтылық #Даму
Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич
Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары
17 Қыркүйек, 18:23
Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда
17 Қыркүйек, 18:19
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесті
17 Қыркүйек, 18:15
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
17 Қыркүйек, 18:21
Шымкентте Достық үйі жанынан жастарға арналған комьюнити-орталық ашылды
18 Қыркүйек, 20:05
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті