21 Мамыр, 2025
179
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының республикалық төрағасы Алишер Сатвалдиев, Шымкент қалалық Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының төрағасы Әбдез Иманқұлов, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің журналистика және қазақ тілі кафедрасының студенттері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктегі жауапкершілік пен кәсіби этика тақырыптары талқыланды.
Спикерлер мемлекеттік этносаясатты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялау кезінде кездесетін өзекті мәселелерді көтеріп, қолжеткізген жетістіктермен қатар бар олқылықтарды да атап өтті. Сонымен қатар этносаралық қатынастар саласындағы терминдерді дұрыс қолдану жайы қозғалып, өңірлік, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналистердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбекақыларын көтеру мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Айта кету керек, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубы 2018 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Клубтың негізгі мақсаты — жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, этносаралық келісімді, патриотизм мен рухани-мәдени тұтастықты арттыруға үлес қосу. Сонымен қатар клубтың маңызды бағыты — этносаралық қатынастар, азаматтық бірегейлік, патриотизм және толеранттылық тақырыптарын жариялау кезінде журналистердің жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый