
23 Ақпан, 2019
2234
Шымкентте Алғыс айту күні бір апта жалғасады
Шымкент қаласында Алғыс айту күні өзіндік ерекшелігімен аталып өтеді. Жаңа мазмұнда өткізілетін мерекелік шаралар 22 ақпаннан басталып 1 наурызға дейін апта бойы жалғасады.
Бұл туралы Шымкенттегі «Қазақстан халқы ассамблеясы» ғимаратында өткен брифингте қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов мәлім етті.
Шараны ұйымдастырушылардың сөзінше, елді бірлікке үндейтін мерекенің түпкі мәні - кезінде түрлі себептермен қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерінің мемлекет құраушы ұлтқа алғыс айтуын көздейді.
Апталық мерекені жер-жерлерде ұйымдастыру мен өткізудің тұжырымдамасы әзірленіп, әр күнге арнайы атаулар берілген. Мәселен, 22 ақпан - Қайырымдылық күні болса, 23 ақпан - Тазалық күні ретінде өтеді. 24 ақпан - Көршіге ізет күні, 25 ақпан - Ұстазға құрмет күні, 26 ақпан - Тарихқа тағзым күні, 27 ақпан - Ықылас күні, 28 ақпан - Ұрпақтар сабақтастығы күні, 1 наурыз - Алғыс айту күні болмақ.
«Апталық іш-шаралар «Қайырымдылық күнімен» бастау алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының Қайырымдылық керуені шеңберінде «Сыбаға» іс-шарасы өткізілді. Қалалық ассамблея мен түрік этномәдени бірлестігі ірі қараны құрбандыққа шалып, еті ұлттық дүниетанымымызға сәйкес жеті түрлі азық-түлікпен толықтырылып қадірлі қарияларға, абзал аналарымызға, жас отау иелеріне, барлығы 40-тан астам отбасыға, сыбаға ретінде үлестірілді. 23 ақпан - Тазалық күні ретінде белгіленсе, 24 ақпан - «Көршіге ізет күні» күнінде өтетін іс-шаралар елді берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа жетелеп, көршілер арасында өзара түсіністік пен құрметті қалыптастыруды көздейді»,- дейді М. Қалмұратов.
Бұл күні сондай-ақ, Сайрамдағы өзбек этносының белді азаматтары көршілес Шапырашты, Өтеміс, Қызылсу, Тассай, Мәртөбе, Тоғыс, Бадам, Қарабастау тұрғын алаптарының абзал қарияларын, абыройлы азаматтарын сыйлы қонақ ретінде шақырып, ізет көрсетпек.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті