27 Қазан, 2018
1077
Шымкентте отбасы институты мәселелері жан-жақты талқыланған республикалық форум өтті
Шымкентте «Жастарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиелеудегі Аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында республикалық форум өтті.
Отбасы институты мәселелері жан-жақты талқыға түскен іс-шраны ҚР өзбектері этномәдени бірлестігі «Дустлик» қауымдастығы жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырды.
Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нәзипа Шанай, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, ҚР өзбектері «Дустлик» этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов және Аналар кеңесінің белсенді мүшелері қатысып, ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салды.
«Елбасы Жолдауында айтылғандай, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – бұл отбасы бақытына назар аудару. Биылғы Жолдауда аналарға, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Жолдаудың нәтижелі болуы сіз бен бізге байланысты. Аналар кеңесінің құрылғанына 5 жыл болды. Бүгінге дейін аналар кеңесінің саны 200-ге жуықтады. Енді санға емес, сапаға көңіл бөлейік»,- деді Нәзипа Ыдырысқызы.
Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов ұрпақ тәрбиесінде кешігуге болмайтынын, тәрбиені бесіктен бастау керек екенін атап өтті.
Жиынға қатысушылар сонымен қатар, ұлттық бірлікті қалыптастырудағы отбасылық құндылықтардың рөлін арттыру, жастар арасында адамгершілік құндылықтарды дамытуда ұлттық мәдениеттің маңызын түсіндіру, салт-дәстүрімізге сай жастарды тәрбиелеу секілді мәселелерді талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті