18 Қазан, 2018
1910
Шымкентте Рухани келісім күні үлкен мерекелік концертпен аталып өтті
18 қазан – Рухани келісім күні. Осы мерекеге орай Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында форум өтті.
Мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты - рухани келісім мен татулықты сақтаудың маңыздылығын насихаттау мақсатында өткен мерекелік шараға Шымкент қалалық және Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, М. Әуезов атындағы ОҚМУ басшылығы, діни конфессия өкілдері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студент жастар қатысты.
Жиында сөз алған Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қол жеткізген жетістіктердің барлығы бейбітшілік пен бірліктің алтын арқауы екендігін айтты.
«Халқымызда «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген сөз бар. Дәулеті өскен, сәулеті келіскен бүгінгі Қазақстанның толағай табыстары – ынтымағымыз бен ырысымыздың берген жемісі деп білеміз. Біздің бірлігіміз төзімділікке, адамды сүюге, қайырымдылыққа шақыратын жоғары адамгершілік мұраттарға негізделген.
Бүгінде Қазақстанда халықаралық қауымдастық мойындаған татулық пен бейбітшіліктің ерекше үлгісі қалыптасты. Еліміздің өзара келісімге негізделген бағыт-бағдарын әлем жұртшылығы жоғары бағалауда. Міне, осындай сыйластық пен үйлесімділікке негізделген ізгі ниетімізді кейінгі ұрпақ бойына сіңіру ассамблея мүшелері мен конфессия өкілдерінің мерейлі міндеті болуы қажет, - деді М.Қалмұратов.
Мерекелік шара соңында М.Әуезов атындағы ОҚМУ мен өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдар көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті