
24 Маусым, 2019
1991
Шымкентте жас мамандардың жазғы мектебі өз жұмысын бастап кетті
Бүгін, 24 маусымда, Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбындағы жазғы мектеп өз жұмысын сәтті бастап кетті.
24-29 маусым аралығында өтетін жазғы мектептің жұмысына лекторлар мен тренерлер ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының мамандары, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, дінтану және теология мамандары, медиа-тренер мен бизнес-кеңесшілер қатысуда.
Аталған шараның ашылу салтанатында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының бас сарапшысы Асет Абжаков, Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов сөз сөйлеп, жазғы мектеп жұмысының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларына сәттілік тіледі.
Жазғы мектепке Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен барлық облыстарының жас мемлекеттік қызметшілері, этномәдени бірлестіктерінің жас көшбасшылары қатысуда.
Жазғы мектеп жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында көрсетілген міндеттердің мәнін ашып көрсету, Жастар жылы аясында жас мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша тыңдаушыларды кәсіби білімі мен дағдыларын арттыру жұмыстарын ұйымдастырып өткізу көзделген.
Сонымен қатар медиацияның келіспеушілік дауларын шешудің баламалы тәсілі ретіндегі рөлі және мәнімен таныстару, тыңдаушылардың бәсекеге қабілетті тұлғаның негізгі дағдысы – көпшілік алдында сөз сөйлеу технологияларын меңгеруі, қоғамдық қатынастардағы діни ағымдарды қарастыру және деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл әдістерін анықтау, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу секілді мәселелер бойынша жұмыс істеу жоспарланған.
Әсем Жұмабекова
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады