
28 Қыркүйек, 2021
541
Шырайлы Шымкенттегі кездесу
28 қыркүйекте Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ҚХА құрылымдарының басшыларымен және қаланың этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуы мәселелері, сондай-ақ өңірдегі этносаралық келісімді нығайту жөніндегі шаралар талқыланды.
М.Әзілханов Президенттің жаңа Жолдауының ерекше маңыздылығын, Жолдаудың «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» деп аталатын жетінші бөлімі татулық пен келісім саясаты мәселелеріне арналғанына айрықша тоқталды.
«Биылғы Жолдау – ел бірлігін сақтаудың маңызын және Тәуелсіздікті нығайту қажеттілігін ұғындыратын айрықша құжат. Баршамызды біріктіретін құндылықтардың арқасында біз 30 жыл татулық пен келісімде өмір сүріп келеміз, тәуелсіз Қазақстанды құрдық, Тәуелсіздіктің ұрпағын өсірдік» деп атап өтті спикер. Ол
қалалық ассамблея өкілдерін жаңа Жолдауды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.
Шымкент ассамблеясы өзекті мәселелерді шешуге әрдайым белсене атсалысады, қаланың этномәдени бірлестіктері азаматтық қоғам институттары ретінде жақсы дамыған. Олар Арыс қаласының жарылыстан зардап шеккен тұрғындарына алғашқылардың бірі болып көмекке келді. Бірінші жарылыстардан кейінгі алты сағат ішінде Достық үйінде ассамблеяның республикалық штабы құрылды, ол зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды.
М. Әзілханов атап өткендей, қалалық ҚХА ағартушылық және әлеуметтік-бағдарлық жұмысқа баса назар аударуы тиіс, этномәдени бірлестіктер және олардың белсенділері – өз этностарының топтарымен өзара тығыз іс-қимыл жасауға, қызметтің жаңа нысандарын қарастыруға бағытталуы аса маңызды.
Қалалық ҚХА, «Қоғамдық келісім» мекемелері мен Достық үйлерінің қызметін жобалық тәсілдеме мен мәні қағидатында қайта құру қажет, өңірлерде этносаралық қатынастарға теріс әсер ететін нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық берілуі тиіс.
Іс-шарада ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қалалық штабының тиімді қызметін қамтамасыз ету, тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Өңірлік деңгейде жастар саясатын іске асыруда оның кешенді ықпалдасуын қамтамасыз еткен жөн.
ҚХА Төрағасының орынбасары жұмыс сапары аясында Шымкент қаласындағы өзбек этносының зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді және «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық ғимаратына барды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті