21 Мамыр, 2023
515
Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб бастаған шетел делегациясымен кездесу
Ағымдағы жылдың 21 мамырында Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб бастаған шетел делегациясымен елорданың Достық үйінде кездесу өтті.
1993 жылғы 30 наурыздан бастап құрылған Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар екі ел үшін де тұрақты және достық қатынастардың негізіне айнала отырып, жоғары деңгейде іске асырылуда.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.А.Әзілханов, Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Қ. Тұмыш, ҚХА сенаторлары, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен ҚХА мүшелері қатысты. Кездесу аясында халық дипломатиясы мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ағымдағы жай-күйінің кейбір аспектілері талқыланып, этносаралық келісім, азаматтық бейбітшілік, екі ел халықтарының гуманитарлық байланыстарын дамыту шаралары қарастырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы жоспары, Ассамблея құрамына кіретін этникалық қоғамдық бірлестіктердің және қоғамдық қорлардың қызметі таныстырылды.
Диалог барысында екіжақты деңгейде екі елдің этномәдени бірлестіктерінің байланыстарын одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті