03 Қыркүйек, 2019
1589
Өскемен жастары өз-өзін дамытудың қыр-сырын меңгерді
Өскеменде Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық «Бірлік» жастар лагері аясында «PRодвигай себя» форумы өтті.
Форумға лагерге жиналған жастар, қалауымен келген қонақтар қатысты. Шараның басы-қасында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» директоры Элдар Төлеубеков, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының үздігі Тимур Жұмырбаев жүрді. Пиар саласының үздіктері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Қуат Әмір, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы Ақерке Берлібай сияқты медиа-тренерлар өзіндік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға әлеуметтік желілерді сауатты қолданудың қыр-сырымен бөлісті.
Инновациялық технологиялар ғасырында бұл бағыт белең алып, дамып келе жатқан сала. Сондықтан жастар интернет желісін пайдалы қолданып, тұлға ретінде қалыптасуына кездесудің берері мол. Форум қатысушылары баяндама оқыған спикерлерге көкей кесті сұрақтарын қойып, керемет әсер алды.
Форум барысында халықаралық «Бірлік» жастар лагерін ұйымдастырушылар лагердің жоғары деңгейде өтуіне ықпал еткен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» ұжымына алғыс білдіріп, директоры Элдар Төлеубековке кітаптар жинағын сыйға тартты. «ҚР Ата заң күнімен» тұспа-тұс келген форум Достық үйі ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті