05 Қазан, 2018
1140
Өскеменде латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды
Өскеменде 4 қазан күні Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен тілдерді жеделдете оқытудың заманауи технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке «Жағдаяттық қазақ тілі» оқулығының авторы Қанат Тасыбеков, «LingvaTen» тіл орталығының негізін қалаушы Владислав Тен, «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының әдіскері Баян Әлиева, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының» аға-ғылыми қызметкері Айнұр Сейітбекова, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық Достық үйлерінің директорлары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлері жанындағы этно ағарту кешендерінің әдіскерлері мен оқытушылары, тіл саласының мамандары, этномәдени бірлестіктердің жастары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тілдерді қысқа мерзімде оқытудың қазіргі технологиясын дайындау мен енгізуге арналған семинарлар өткізу арқылы Қазақстан халқы бірлігінің маңызды факторы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру деді - ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызмет басшысы Дүйсенбиев Әділет Құмкентұлы.
Семинар-тренингтің барысында авторлық әдістемелердің таныстырылымдары мен интерактивті сабақтар өткізілді және қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуі мәселесі талқыланды. Семинар-тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті