
05 Мамыр, 2016
820
Әскерилер Ассамблеяны қонаққа шақырды
Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы шекара күзетшілері және мотоатқыштармен бұрыннан бері өзара әріптестік байланыста. Міне, бүгінде мерекелік күндерден сәл босап, уақытпен санаспай, подполковник Бағдат Нарбаев басқаратын ҚР Ұлттық гвардиясының 5513 әскери бөлімшесі, ҚХА қызметкерлерін қонаққа шақырып, қарсы алды.
Әскери бөлімшенің клубында тәртіп сақшылары өте көп жиналған екен. Ассамблея қонақтарын әскерилерге таныстырып болғаннан кейін Жамбыл облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық топтың бас маманы Лариса Лысова мен облыс Ассамблеясы жанындағы жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев, 26 сәуір күні Астана қаласында өткен ҚХА кезекті ХХІV сессиясында алған әсерлерімен бөлісті.
- Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемде этносаралық және конфессияаралық қатынастардың керемет бір үлгісі болып табылады, -деп тарихтан кішкене ғана үзінді келтіріп өтті Л.Лысова. Қазақстанымыз өзінің Тәуелсіздігінің 25 жылында талай белестер мен даңқты жолдардан өтті. Мысалы, 60-шы жылдары Қазақстанда небәрі 63 этнотоптар мекендесе, бүгінде шамамен 140 ұлттың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір кешуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бізді «Болашағы біртұтас ұлт» деп бекер айтпаса керек-ті. Біздер ұлтымызға, дінімізге қарамай бір бірімізді түсініп, көршілес жатқан елдерді сыйлап, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қабылдаймыз.
Біздің басты күшіміз – бірлігіміз бен келісіміміз, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеологиямызбен ортақ елімізде бейбіт өмір сүру. Келісім ең бірінші отбасынан, бір көшеде бірлікте тұрып жатқан ақсақалдарымыздан, достық қарым-қатынастағы жастарымыздан басталады. Бұл үшін де ҚХА ақсақалдар мен аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктердің жастар көшбасшыларының лигасы құрылған. Ассамблея құзырына еліміздің қайырымдылық және демеушілік қызметтерін үйлестіру сеніп тапсырылған. Елбасымыздың қол қойған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негізіне сүйенетін жеті принцип бойынша жұмыс атқарылуда. Кешегі Ассамблеяның сессиясы үкімет пен халық арасындағы қарым-қатынас негізі. Жылдар бойы құрылған этносаралық келісім біз тыныс алатын ауамен тең. Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Сіздерді алдағы келе жатқан Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Зайнуддин Махусеев те әскерилерге өз тілегін білдіріп өтті: «Біздер, жастар үшін, ҚХА сессиясына қатысу үлкен мәртебе және тәжірибе. Онда біз министрлермен, мәжілісмен және сенаторлармен әңгімелесіп, жастарды мазалайтын әртүрлі мәселелер жайында айта аламыз. Бүгінгі жастар – ертеңгі күні аға ұрпақтарымыздың орнына келіп, болашағымыздың ертеңін жасайтындар».
Әскерилерге сыйлық ретінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің орындауында халық әндері мен билері орындалды, кездесу соңында қонақтар әскерилердің асханасына ұлттық тағамдар дайындаудағы шеберлердің байқауына қазылар алқасы ретінде шақырылды.
Осындай кездесулер аймақтық ҚХА мен ҚР Ұлттық гвардияның 5513- бөлімшесінің жеке құрамы арасындағы достық қарым-қатынастың жақсы бастамасы деп санауға болады.
Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
Ақмола облыстық БАҚ-ты ҚХА 25 жылдығын кеңінен жариялауға шақырды
-
Қызылордада тіл саясатын жүзеге асырудағы Ассамблеяның рөлі талқыланды
-
Израиль елшісі павлодарлық жастарды өз елінің оқу орындарында білім алуға шақырды
-
Ақтөбедегі Савицкийлер отбасы: Ассамблеяның үздік үлгісі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
Ақмола облыстық БАҚ-ты ҚХА 25 жылдығын кеңінен жариялауға шақырды
-
Қызылордада тіл саясатын жүзеге асырудағы Ассамблеяның рөлі талқыланды
-
Израиль елшісі павлодарлық жастарды өз елінің оқу орындарында білім алуға шақырды
-
Ақтөбедегі Савицкийлер отбасы: Ассамблеяның үздік үлгісі