Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Мамыр, 2016

1228

Славян жазуы мен мәдениеті күні

Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында славян жазуы мен мәдениеті күндері мерекесі атап өтілді. Бұл мерекеге түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары, орыс тілі пәнінен олимпиада жүлдегерлері мен дін өкілдері қатысты. Мерекенің шырайлы өтуіне өз кезегінде «Русская песня» халықтық ансамблі көп еңбегін сіңірді деуге болады. Көпшілікке жақсы таныс «Колокольный звон» әнімен ансамбль әншілері мерекені салтанатты түрде ашып берді. Игілікті іс-шараға арнайы шақыртылған Көкшетау және Ақмола епископы Серапион шын жүрегімен жиналған қауымды мейраммен құттықтады. «Бұл мереке кириллица жазуын пайдаланатын барлық адамдарды біріктіреді. Осылайша славян жазуы мен мәдениетінің негізі қаланды»,- деп өз құттықтауын жолдады.

Сонымен қатар мерекелік іс-шараға қатысқан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова : - Славян жазуы мен мәдениеті күні барлығымызға ортақ мереке. Мен өз еліммен мақтанамын және елімізді мекендеген түрлі ұлттардың басын біріктіріп, бейбітшілік пен бірлікке ұйыстырған біздің Елбасымызға зор алғысымды білдіремін. Қазақстан халқы Ассамблеясы туының астына біріккен халықтар бүгінде өз ана тілін, мәдениеті мен дәстүрін танып білуге мүмкіндік алды, - деді өз сөзінде. Сондай ақ Марал Жақыпова славян халықтарының тілі мен мәдениетін сақтап, дамытуға зор үлесін қосқаны үшін және ұлтаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін мұғалімдер мен орыс тілі пәнінен өткен олимпиада жеңімпаздары мен этномәдени бірлестік белсенділеріне  Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының алғыс хаттарын табыстады. 

Сонымен қатар аталмыш мерекеде «Ақмола облысы орыстарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко халықтарды біріктіретін тіл екендігін айта отырып, славян халқын бүгінгі күні дін және бірлік пен ынтымаққа шақырған  мәдениет байланыстыратынын айтты. Мереке қарсаңында Александр Артеменко «Орыс қауымдастығының» жастар қанатының белсенділері мен чуваш және армян этномәдени бірлестіктерінің төрағалары Елена Мащинская мен Норик Магламянға өз ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады. 

 

«Қоғамдық келісім»

мекемесінің баспасөз қызметі

Кейін қарай