Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Мамыр, 2020

949

Соғыс батыры Галина Курлинаның майдандағы ерен ерлігі

Үш күнде 30 жауынгер мен командирді жау майданынан алып шыққан атыраулық Галина Курлина туралы үзік сыр.

9-мамыр мерекесі қарсаңында Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерімен басталған эстафета «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің жерлес майдангер Галина Курлинова туралы естеліктерімен жалғасты.

«Екі рет жараланғанына қарамастан үш тәулік ішінде ондаған әскери жауынгерді өлімнен құтқарды..» Бұл Ұлы Отан соғысының қатысушысы, жерлесіміз Курлина Галина Никоновнаның мадақтау қағазында жазылған жазба.

Хиуаз Доспановадан кейін әскери орденмен марапатталған екінші атыраулық Галина Курлина туралы көбісі біле бермейді.

Галина Никоновна Гурьев қаласы, Красноармейская (қазір ст. Нәжмеденова) 66 мекен-жайында тұрған. 18 жасқа толған шағында медбикелер оқу курсын аяқтаған ол өз еркімен сұрапыл соғысқа аттанады.

Соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен және фашистік Германияны жеңгені үшін медальмен марапатталған.


Гурьевтың қызы Галяның ерліктері туралы марапаттанушылар тізімінде оның ерліктері туралы: «1943 жылдың маусым айының 17 мен 20 аралығында Банновское және Богородничное ауылдары үшін болған шайқаста 30 жауынгер мен командирді қаруларымен бірге жаңбырша атылған жаудың оқ-майданынан алып шыққан. Екі рет жарақат алғанына қарамастан майдан даласынан кетпей, жарақаттанғандардың жарасын тануды жалғастыра берген, осылайша олардың өмірін сақтап қалды» делінген.
Күзет бөлімшесінің командирі, полковник және сол бөлімнің штаб бастығы полковник Дубининнің бұйрығымен 17.07.1943-20.07.1943 жылдары майдан алаңындағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапаттауға ұсынылды.


Соғыс жылдарындағы газет беттерінде отандасымыздың ерлігіне тәнті болған ефрейтор Корнал Коровин былай деп жазған:

«Жараланған сарбаздарға медициналық нұсқаушы Курлин Галя үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Біздің бөлім өзенге қарай бет алып, жауға қарсы соғысқа шапқанда ол әрдайым жауынгерлік құрамда болды, солдаттарға алғашқы көмек көрсетті. Көрші әскери бөлімнің медициналық нұқсқаушысы жоқ болатын. Жау оғының өрті мен шаршағанына қарамастан Галя жараланған екі әскери бөлімнің жауынгеріне көмектесті. Майдан кезіндегі батырлығы және жауынгерлерге деген сүйінспеншілігі мен құрметі үшін Галя мемлекеттік наградаға ұсынылды».


1944 жылы денсаулығына байланысты Галина Курлина әскерден босатылады. Отанына оралғаннан кейін өзінің сыныптасы Хамит Ахмировқа тұрмысқа шығады. 1945 жылы Татьяна есімді қыздары дүниеге келеді.
1946 жылдың ортасында Галина іш сүзегімен ауырып, 22 жасында өлмес полкқа түсті.


Анасымен аз уақыт ғана таныс болған Татьяна анасы туралы естіп өседі. «Анам өмірден өткенде мен бір жарым жаста едім. Ол туралы есімде ештеңе жоқ. Бірақ, анаммен таныс болғандар ол туралы көп айтатын. Адамдарға деген сыйластығы мен әдемі күлімдеген жүзіне қарап көршілері менің анамды күнекей қыз деп атаған екен. Әсіресе, оны қариялар қатты құрметтеген, себебі оларға ылғи да қол ұшын беріп көмектесіп отырған.


Гурьевтегі майдангер қыз туралы барлық ақпаратты тапқан - Х. Досмухамедов атындағы АМУ тарихшысы Шахман Нағимов. Мұнайлы астананың көшелерінің біріне Галина Курлинаның есімін беру ұсынылды.
«Біз оған лайық деп санаймыз - бұл кішкентай нәзік, жарқын Галина, әлемде аз өмір сүрген, бірақ өз Отаны үшін көп жұмыс жасаған» дейді «Былина» этномәдени бірлестік өкілдері.

Кейін қарай