08 Ақпан, 2016
1635
«Сольааль» - корейлер мерекесі
Корей халқының «Сольааль» атты жаңажылдық мерекесі Батыс Қазақстан облысының жаңадан ашылған Достық үйінде аталып өтті.
Жаңажылдық мерекені тойлауға арналған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылықтың меңгерушісі Ералы Тоқжанов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтар құрметті қонақ ретінде қатысып, өз лебіздерін білдірді.
Алдымен жаңа ғимараттың дәлізінде Қазақстанды мекен еткен барлық этнос өкілдері өз отандастары – корей этносымен бірге би билеп, ән айтып келген қонақтарды қарсы алды. Қонақтар корей халқының мәдениетімен танысып, концерт залында өткен мерекелік іс-шараны тамашалады.
Корей этномәдени бірлестігінің басшысы Максим Пак іс-шараны ашып, жиналғандарға Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның төртінші бағыты бойынша жұмыс жасау – қазіргі заманның талабы екенін тілге тиек етті. Айта кету керек, осы уақытқа дейін корей этномәдени бірлестігі батыс өңіріндегі қайырымдылық іс-шаралардың көшбасшысы болып келеді. Бірнеше қайырымдылық жобаларды атқарған, соның ішінде ерекшесі - «Болашаққа көзқарас» атты жоба - мүмкіндіктері шектелген азаматтарды әлеуметтік ортаға бейімдеу болып табылады. «Арба» қоғамдық бірлестігінің басшысы Гульмира Батпақұлова сөз алып корей халқына, Максим Пакка қоғамға пайда тигізіп, мүмкіндіктері шектелген азаматтарды ортаға бейімделуге жасаған көмектері үшін алғысын білдірді.
Басқа да этномәдени бірлестіктердің өкілдері іс-шараға қатысып, өз отандастарымен – корей жаңа жылын бірге тойлады.
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ –нің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Шымкентте корейлер қауымдастығының 35 жылдығы атап өтілді
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті