30 Қаңтар, 2017
807
«Соллаль» мерекесі
Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім ғимаратында 2017 жылғы 29 қаңтарда кәріс халқының жаңа жылдық «Соллаль» мерекесі атап өтілді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары «Ақмола облысының «Чинсон» кәріс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі мен Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Коғамдық келісім» КММ.
Мереке қатысушылары – «Чинсон» кәріс мәдени орталығының белсенділері мен кәріс тілін оқитын «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің оқушылары келген қонақтарға түрлі көріністер арқылы кәрістердің қалайша жаңа жыл тойлайтынын көрсетті. Сондай-ақ, «чоль» тағзымдары мен «сонмуль» сыйлықтарының не екені, «хато» қарт ойынының қалай ойналатыны, бақыттың бес түріне қалай қол жеткізуге болатыны туралы қызықты ақпаратпен бөлісті.
Іс-шара барысында өнер көрсеткен шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар көрермендердің шапалағына бөленді. Олардың ішінде «Мисо», «Хенбог», «Ритмы гор» (көркемдік жетекшісі Людмила Даулеталиева), «Этно» (көркемдік жетекшісі Ирина Лобанова) би ұжымдары, Назарбаев зияткерлік мектебінің ән орындаушылары - Зариат Шаткенова және Нұрсат Басболов (жетекшісі Анастасия Ператинская), сырнайшы Елизавета Земскова, кішкентай «жұлдыз» Нұризат Хариғазы болды.
Іс-шараның қорытынды бөлігінде «Ақмола облысының «Чинсон» кәріс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Людмила Лим мерекенің қатысушылары мен ұйымдастырушыларына ризашылығын білдіріп , алғыс хаттарды тапсырды.
***
«Соллаль» - ол осы жылғы 28-ші қаңтарда бастау алған, Ай күнтізбесі бойынша өтетін Жаңа жыл, ол отбасындағы жеке тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеуге бағытталған кәріс халқының байырғы және ең сүйікті отбасылық мерекесі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
-
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
-
Елордада «Сабантой» мерекесі аталып өтті