Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қаңтар, 2017

1491

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы

Петропавл қаласының Достық үйінде Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті.

Кездесуге Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшелері, департаменттер, басқармалар, облыстық ардагерлер кеңесінің, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, ғылыми-сараптамалық топтың басшылары, қала тұрғындары қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысын облыс әкімі, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Ерік Сұлтанов ашты.

«Өткен 2016 жыл еліміздегі маңызды тарихи оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.  Ел егемендігінің мерейтойын мерекелеу аясында өңірімізде ауқымды жұмыс жүргізілді. Әлеуметтік инфрақұрылым дамуда, білім беру мекемелерінің саны көбейді, спорттық саланы дамытуға көп көңіл бөлінеді. Ортақ іске облыс ассамблеясының этномәдени бірлестіктері елеулі үлес қосты. Барлығыңызға атқарған ауқымды жұмыс үшін алғыс білдіремін. Осы жылы ассамблея қызметінің белгіленген қарқынын нығайту маңызды. Себебі 2017 жыл бірқатар маңызды оқиғалар мен мерейтой күндерге арналмақ. Ең алдымен, Астанада «ЭКСПО: Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесін, Алматыда 28-Қысқы Универсиаданы өткізу. Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің  мүшесі ретінде өз міндеттерін орындауды бастайды. Сондай-ақ, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 25-сессиясы мен қазақтардың V дүниежүзілік құрылтайы өтіп, Қарулы күштер мен мемлекеттік рәміздердің қабылдануына 25 жыл толады» , - деді ол өз сөзінде.

Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2017 жылдағы жұмысының басым бағыттары туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов айтып берді.

Сондай-ақ отырыс кезінде этномәдени бірлестіктер, аналар кеңесі жәнен т.б. өкілдері сөз сөйледі.   

«Барбанг» күрдтер қауымдастығы» РҚБ филиалының төрағасы, ҚКК мүшесі Рашид Надиров қала мен облыстың ірі кәсіпорындарында қоғамдық келісім кеңестерін құру мәселесін көтерді.

Сонымен қатар, ҚХА жастар қанатының мүшесі Сағыныш Бектемірова СҚО ҚХА жанында жастар ұйымын құру туралы ұсыныс берді.

Отырыс Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағаларына куәліктерді табыстау салтанатымен аяқталды.

Кейін қарай