Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Мамыр, 2017

875

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының XXIІ сессиясы

«Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» – ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Астана қаласында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының мерейтойлық XXV сессиясының негізгі тақырыбы болды. 

Өткен сессияда кең ауқымды саяси, қоғамдық жаңаруды күшейтуге, мемлекеттің басты құндылықтарын нығайтудағы қоғамның мәні мен рөлін арттыруға басты назар аударылды.  Елбасы қоғамды және әр азаматты жаңғыртудың негізгі бағыттар қатарын белгілейді.

17 мамырда Петропавл қаласында облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясы өтті, оған этномәдени бірлестіктердің, діни конфессиялардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, жұртшылық өкілдері, жастар қатысты.  

Күн тәртібінде маңызды мәселелер енгізілді: Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру қорытындылары туралы және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы  Н.Ә. Назарбаев «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» атты Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясында қойған міндеттер туралы, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарын таңдау туралы, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІ сессиясына қатысушылардың өтініштерін қабылдау.

Құмар Іргебайұлы бейбітшілік пен келісімдегі Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының маңызды рөлін атап өтті. Сөз сөйлегендер арасында Астана қаласында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясына қатысқан тұлғалар болды. СҚО ҚХА жастар қанатының мүшесі Саида  Бекбуди мерейтойлық сессиядан алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ әкім алдында Түмен облысынан келген Есенғали Ибраев  сөз сөйледі. Ол Түмен қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы және жақсы досымыз болып келеді. Жуырда ол Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ұйымдастырды. Бес жүк автомобилі Түменнен Петропавлға 8 тонна азық-түлік әкелді. Есенғали Қамзаұлының айтуынша, өз еліңде бейбітшілік пен тыныштықты, сонымен бірге басқа мемлекеттермен тату көршілік қарым-қатынасты сақтау маңызды.

Жыл сайын  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасарларын этномәдени бірлестіктер арасынан алмастыру жүргізіледі.

Ресми бөлімнің қорытындысы бойынша «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Картал Идристің кандидатурасы ұсынылды. Ассамблеяның қызметіне қол ұшын берген облысымыздың белсенділері құрмет, алғыс грамоталарымен марапатталды. Сессия соңында облыстағы шығармашылық ұжымдардың концерті болды.

20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан халқы ассамаблеясы қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімнің сенімді кепілгері болып табылады. Мәдениеттер мен дәстүрлердің алуан түрлілігі зор рухани әлеуетті құрады, ал оны тек ұлтаралық өзара іс-қимыл, өзара сенім мен құрмет негізінде ғана іске асыруға болады.

Кейін қарай