24 Желтоқсан, 2020
1437
Солтүстік Қазақстан облыстық ҚХА жылды қорытындылады
Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының онлайн-форумы өтіп, оның аясында 2020 жылдың қорытындысы шығарылды.
Іс-шарада Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов сөз сөйлеп, ҚХА мүшелерін марапаттады. Ол Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің көпэтносты өңірлерінің бірі екенін атап өтті.
- Өңірде 100-ге жуық этнос тұрады, 200-ден астам этномәдени бірлестіктер бар, олардың қызметі этностардың мәдениетін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауға және танымал етуге, сондай-ақ ана тілдерін үйренуге бағытталған. Қазақстандықтардың басты құндылықтары достық пен өзара түсіністік, бірлік пен этносаралық келісім. Жиналған қауымды Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен құттықтай отырып, мықты денсаулық пен аман-саулық тілеймін, - деді ол.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеу құрметіне қоғамдық өмірге белсене қатысқаны, адал еңбегі мен этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер: Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация орталығы, Ақсақалдар кеңесі, Ғылыми-сараптамалық топ, Журналистер клубы, Еріктілер қозғалысы орталығы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Солтүстік Қазақстан штабы, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық қызметтің үйлестірушісі болып табылады. Жұмыс істеген жылдар ішінде мұқтаж жандарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, ардагерлерге, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге бағытталған ауқымды қайырымдылық акциялары өткізілді. Форум аясында Саип Байдуев, Наиль Абраев, Дурсун бей Танрикулу, Анваршох Амиршоев «Жыл жәрдемшісі» атағына ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32