Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Шілде, 2015

900

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақстан: бейбітшіліктің, руханияттың және келісімнің аумағы» көрмесінің ашылуы өткізілді.

2015 жылғы 16 шілдеде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музей қорынан "Қазақстан: бейбітшіліктің, руханияттың және келісімнің аумағы" көрмесін алғашқылардың бірі болып көру құрметіне ие болған облыс басшылары,  Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары  мен мүшелері, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, мәдениет мекемелерінің директорлары, музей қызметкерлері, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары мен оқытушылары облыстық өлкетану музейінде жиналды. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенова Анархан Қалиқызы құттықтау сөзін: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Сұлтанов Серік Хамзаұлының атынан сіздерді осындай танымдық, өзекті және тарихи маңызы бар көрменің ашылуымен құттықтаймын», - деп бастады.

Өз сөзінде Анархан Дүйсенова аталған көрменің өскелең ұрпақ үшін Қазақстан халқының тарихын, біздің жас мемлекетіміздің даму кезеңдерін біліп өсуінің, сондай-ақ, қоғамның мәдени өміріне қатысуының айрықша маңыздылығын атап көрсетті.

Әкімнің орынбасары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінің директоры Сағынғали Алма Сағынғалиқызының ұйымдастырған жұмысына аса ризашылық білдіріп, облыс әкімінің атынан алғыс хат табыс етті.

Өз кезегінде Алма Сағынғалиқызы облыстағы, Петропавл қаласының мәдени өмірінен алған оң әсерлерімен бөлісті. Музей қызметкерлерінің жоғары білікті жұмысын атап өтіп, Алма Сағынғалиқызы тарихи-өлкетану музейінің директорына және облыс әкімінің орынбасарына қоғамдық марапаттаулар каталогының 2 данасын сыйға тартты.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Наиль Камилұлы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – этносаралық қарым-қатынастарды үйлестірудің бірегей институты. Бұл – мемлекет пен қоғамды байланыстыратын алтын көпір. Ассамблея – Қазақстан Республикасында тұрып жатқан түрлі этностар үшін оңтайлы диалогтық алаңша болып табылады», - деп атап өтті.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін қатысушылардың барлығы "Қазақстан: бейбітшіліктің, руханияттың және келісімнің аумағы" көрмесінің тұсаукесерін тамашалады. Экспонаттардың ішінде Тұңғыш Президенттің қолжазбалары мен жеке бұйымдары, смокинг, Қазақстандағы этностардың ұлттық киімдері қойылған.

Астанадан келген қонақтарға көрмеден кейін Достық үйіне экскурсия жасалды.

Кейін қарай