06 Желтоқсан, 2022
484
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы
2022 жылғы 5 желтоқсанда Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы өтті, оған республикалық, облыстық және аудандық Аналар кеңесінің өкілдері қатысты.
Іс-шара Абылай хан резиденциясы бойынша экскурсиядан басталды, қатысушылар бірегей экспонаттармен танысты.
2022 жылы Аналар кеңесі «Бүгінгі заман ертегісі» ертегілер конкурсы» жобасын іске асырды. Оның қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан төрт қатысушы Денис Батарышкин, Тимур Сингатуллин, Альмира Нурикинова, Ольга Файзуллина Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанайдың алғыс хаттарымен марапатталды.
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында облыстық Аналар кеңесі өскелең ұрпақ арасында «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» атты суреттер конкурсын өткізді. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаз балалар марапатталды.
Сондай-ақ, облыстық Аналар кеңесінің жобаларын іске асыруға және іс-шараларын ұйымдастыруға тұрақты негізде жәрдемдесетін мектептер директорларының орынбасарлары алғыс хаттармен марапатталды.
Аналар кеңесінің отырысы аясында өзекті мәселелер қаралды. Айта кетсек, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Жұлдыз Саттарова өңірде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының іске асырылуы туралы сөз етті.
Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында да Аналар кеңестері белсенді жұмыс жүргізуде. Шал ақын ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Нағима Біләлова осы ұйымның қызметімен танысты.
СҚО ҚХА Аналар кеңесі Әкелер кеңесімен тұрақты негізде ынтымақтастық жасайды. Өзара іс-қимыл туралы Әкелер кеңесінің төрағасы Евгений Максимов мәлімет берді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарға дағдыландыру – Аналар кеңесінің басты міндеті. Бұл жұмыс жоғары деңгейде жүргізіледі. Оған ортақ мақсатты көздеген әртүрлі ұйымдардың өкілдері кіреді. СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің инспекторы Светлана Зайцева жастармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ аға әдіскері Жазира Баукенова «Сүйіспеншілік – ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуының негізі» тақырыбында сөз сөйледі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Әсем Ілиясова айтып берді.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкері Алексей Рудаков аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
«Азаматтық белсенділік, іске асыру нысандары» тақырыбында «Ана мектебі» қоғамдық қорының директоры Хадиша Ерсейітова сөз етті.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы клиникалық психолог, республикалық Аналар кеңесінің мүшесі Резеда Баймухамбетова өткізген қызықты тренингпен қорытындыланды
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті