Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Шілде, 2015

775

Солтүстік Қазақстан облысында 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» болып өтті

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің сайлауалды тұғырнамасында тұрақтылықты, бірлікті сақтауға, озық дамыған және бәсекеге қабілетті әлемнің 30 елінің қатарына кіруге бағытталған 5 институционалдық реформаны алға тартты.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің сайлауалды тұғырнамасында тұрақтылықты, бірлікті сақтауға, озық дамыған және бәсекеге қабілетті әлемнің 30 елінің қатарына кіруге бағытталған 5 институционалдық реформаны алға тартты. Осы реформаларды жүзеге асыру үшін «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспары» құрастырылды және бекітілді.

Үш айдың ішінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Ұлт жоспарын жарықтандыратын және түсіндіретін іс-шаралар әрбір қазақстандыққа ақпаратты жеткізу мақсатында өткізілуде.

Сонымен, 2015 жылғы 24 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Президенті Дәулет Рашидұлы Арғандықовтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының конференц-залында Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел болып өтті.

«Дөңгелек үстел» отырысына жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мемлекеттік еңбек инспекциясы, денсаулық сақтау басқармасының, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК СҚФ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, медициналық әлеуметтік мекемелердің қызметшілері және де облыстық ардагерлер кеңесінің, облыстық кәсіподақтар кеңесінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.

Жұмыс барысында Арғандықов Дәулет Рашидұлы Ұлт жоспарының негізгі пастулаттарын, «заманауи мемлекет – барлығы үшін» құрылым идеясы көзделген мақсаттар мен міндеттерді түсіндіре баяндама жасады.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Наиль Камильевич бірыңғай келешектің ұлтын қалыптастыруда Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі туралы және де әр қазақстандық ұстануы тиіс басты жалпы азаматтық құндылықтар туралы баяндап берді.

Н. Салимов өз сөзінде «Бес институционалдық реформаның басты тұжырымдамасы – Елбасы, халық, Мәңгілік Ел. Бұл – үш ажырамас түсінік бірегейлік тұжырымдамасында қаланған. Елбасы – бұл тұрақтылықтың, келісімнің, біздің еліміздегі әрбір азаматтың құқығын қамтамасыз ету кепілі. Мәңгілік Ел – халықты біріктіруге бағытталған негізгі идея. Сондай-ақ, халық - мемлекеттік биліктің басты және жалғыз қайнар көзі. Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей және бірлік институты ретінде 4-ші реформаны бағыттау шеңберінде барлық іс-шараларды іске асыруда негізгі тетік болып табылады» - деп атап көрсетті.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары Ұлт жоспарының «қадамдарын» талқылау бойынша сөзжарысқа белсене атсалысып, сөз сөйлегендерге сұрақтар қойылып, іс-шара барысында толыққанды жауаптар алынды. 

Кейін қарай