13 Тамыз, 2018
1611
Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы «Ұлы Дала Елі» Киелі мұрасы» акциясының атрибутикасын Қостанай облысына берді
Ағымдағы жылдың 10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы «Ұлы Дала Елі» киелі мұрасы» Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық тарихи-экологиялық акциясының эстафетасын Қостанай облысының делегациясына берді. Ал, енді эстафетаның рәміздері — ту және Қазақстанның киелі жерлерінің суретальбомы Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-де.
СҚО делагациясының құрамына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшылары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері кірді. СҚО келген делегация үшін мамандар Қостанай облыстық Достық үйінің ғимараты бойынша экскурссия өткізді, этномәдени орталықтар орналасқан кабинеттерді көрсетті, қауымдастық өкілдерімен таныстырды. Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қаламқас Сәндібаева Солтүстік Қазақстан облысының өкілдеріне қостанайлық авторлардың балаларға арналған кітаптарын сыйға тартты. Өз кезегінде көршілер де Қостанайға СҚО атақты қайраткерлері, Қазақстан халқы өңірлік ассамблеясы туралы кітаптарды берді.
«Біз өз өңірімізде үлкен жұмыс жүргіздік, барлық киелі орындарды араладық, оларды суретке түсірдік, альбомға енгіздік. Бұл біздің тарихымыз, біздің мұрамыз, оларды сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру қажет. Енді, міне осы альбомды Қостанай облысына бергенімізге қуаныштымыз, оны өз өлкелеріңіздің киелі жерлерімен толтырыңыздар. Жылы қарсы алғандарыңыз үшін рахмет. Сіздерге тағы да акцияның бір рәмізі Қазақстан халқы Ассамблеясының туын береміз», — деп атап өтті СҚО келген делегация өкілі Динара Елеуова.
Альбом және туды салтанатты түрде бергеннен кейін, облыстық Достық үйінің маманы және Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Руслан Мырзағалиев қонақтарға Қостанай өлкесінің барлық киелі орындарын аралап, оларды осы альбомға енгізетіндеріне уәде берді. 28 тамызда альбом және туды қосанайлықтар Алматыға жеткізеді.
Ресми бөлімнен кейін қостайлықтар, СҚО-дан келген қонақтарды, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділерін қаланың ең көркем, қасиетті жері — киелі орын — Ыбырай Алтынсарин кесенесіне апарды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті