13 Қараша, 2025
47
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
2025 жылғы 13 қараша күні Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Анар Бекбаева, ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов, сондай-ақ ғылыми қауымдастық пен этномедиация жүйесінің өкілдері қатысты.
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өз сөзінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы 30 жылда диалог пен өзара түсіністіктің тиімді алаңына айналғанын атап өтті. Қазіргі замандағы жаңа сын-қатерлер жағдайында сенім мәдениетін нығайту, эмпатияны дамыту, сондай-ақ татуласу мен медиация тетіктерін барлық деңгейде жетілдіру ерекше маңызды.
Кеңес жұмысы тәжірибелік диалог алаңымен және ҚХА-ның 30 жылдығы аясындағы қорытынды нәтижелермен аяқталды. Қатысушылар ҚХА құрылымдары мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы елдегі өзара сенім мен түсіністікті арттыруға ықпал ететінін, ал этномедиация жүйесінің дамуы этностар арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Этномедиация - келісім мен татулық тетігі, қоғамдағы бірлік пен өзара құрметтің кепілі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті