
05 Қазан, 2018
18792
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық.
Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді, абзал жандар.
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық.
Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді, абзал жандар.
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді
Аталмыш мерекеге орай Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ранохон Махсудқызы Убайдуллаевамен сұхбатымызды ұсынамыз.
— Рано Махсудқызы, жалпы «ұстаз» сөзін қалай түсінесіз? Алғашқы ұстазыңыз туралы айтып берсеңіз?
— Ұстазды мен адамзатқа өміріне жолдама беруші тұлға деп танимын. Жалпы ұстаздың өзін сүйікті ұстаз және сүйікті пәнімнің ұстазы немесе алғашқы ұстазым деп қабылдап жатамыз. Мысалға, менің сүйікті ұстазым 4-ші сыныптан 10-шы сыныпқа дейін дәріс берген мұғалімім, әрі сынып жетекшім Попандопуло Ольга Христофоровна еді. Ол кісі жасы 28-де ғана болса да өз ісінің мықты маманы және орыс тілі мен әдебиеті, кеңес әдебиетінен факультатив сабақтарын жүргізетін ұстазымыз болатын. Ол кісінің сабақтарын ілтипатпен тыңдаушы едік. Сабақта өткен әр тақырыпты ұғынып қана қоймай, тыңғылықты сараптама да жасай алатынбыз. Дәрістерін, үлгі-өнегесін алуда мен ол кісінің білім-біліктілігі тұрмақ, жүрген жүріс-тұрысына, интеллектісінің жогарылығына, мінез-құлық өрелігіне, сөйлеу мәдениетіне, жүзінің нұрлылығына, сондай тәнті болатынмын. Ол кісі мен үшін идеал болды. Біз ол адамды бүкіл сынып болып барлығымыз жақсы көретінбіз. Өмір жолымда бұл ұстазымның өнегесі маған көп көмектесті, жол көрсетіп отырды. Сондықтан да әрбір шәкірттің өмірінде жылы лебізін білдіріп, естен шығармай жүретін осы тектес ұстазы болғанын қалар ем.
— Қазіргі таңда мектеп және ұстаздар қауымымен бірігіп қандай да бір атқарылып жатқан іс-шаралар бар ма?
— Біз «Қоғамдық келісім» мекемесі болғандықтан, мектеп және ұстаздар ұжымымен өте тығыз байланыстамыз. Мектеп оқушылары бізге ауадай қажет десем де қателеспеймін. Сондай-ақ жогары оқу орындарының студенттерімен де жұмыс жасаймыз. Әрине, іс-шаралар өте көп. Күнделікті толассыз қызу жұмыс үстіндеміз. Мәдени көпшілік іс-шаралар және әдіскерлер бөлімдерінің түрлі бағдарламалар ұйымдастыруымен мереке-мейрамдарда әр аудан, ауылдарға барамыз. Оқушылар өнерлерін ортаға салып, халықтың қуанышына бөленеді. Мектеп ұстаздары оқушыларды білім нәрімен сусындатып оқуда шыңдаса, біз оларды қанаттарын қомдап өнерде шынықтырамыз. Өзін-өзі тану, өзгелердің алдында қай қырынан болсын өз таланттарын көрсете білу дегеннің бәрі бізде!
— Сіз де болашақ қоғамды қалыптастыратын тұлғалардың бірісіз, осы тұста өзіңіз басқарып отырған Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, бас ұстазы ретінде өз шәкірттеріңіз туралы не айтасыз?
— Иә, дұрыс айтасыз, мен де өз ұжымыма ұстазбын. Өз шәкірттеріме келетін болсақ, көңілім толады. Әкімшілік тарапынан да, басқа да ассамблеяға қатысты «Қоғамдық келісімге» берілген тапсырмалар уақытында орындалып, тиісті орындарға жіберіліп отырады. Ұжым — ұйымшыл, ынталы.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мекемеде өтетін барлық мәдени шаралар осы ұжымымның арқасында өтеді. Өз қызметкерлеріме айтар еш шағымым жоқ, қайта мақтан тұтамын.
— Бүгінде ұстаздарға артылатын мін де, сын да, талап та көбейіп кетті. Осы турасында сіздің ойыңыз қандай?
— Иә, ұстаздардың, қазір атқаратын міндеттері ауыр. Бұрынғыдай емес, талап күшейтілген. Оқу үрдісіне көптеген өзгертулер енгізілген. Жоғарғы сыныптар тұрмақ, бастауыш сыныптар мұғалімдерінің өзіне қойылатын талаптар қазір жоғарылаған. Оқушылардың біліміне, тәртібіне, қауіпсіздігіне де тікелей жауап беретін — мұғалімдер. Дәріс беріп қана қоймай, балалардың тәрбиесін жіті қадағалап отыру оңай іс емес.
— Қазіргі ұстаздарға артылатын міндеттердің ауырлығын айтып қалдыңыз... Ал жалпы мектеп бағдарламасының жаппай электронды жүйеге көшуіне қалай қарайсыз?
— Мектеп бағдарламасының электронды жүйеге көшуіне дұрыс жағынан қараймын. Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стандарттары бойынша алға қойылған бағдарламалардың барлығы да жаhандану, рухани жаңғыруға байланысты өзгерістерге бет бұрды. Қазір жаңашыл заман. Өткенімізді қанша қимасақ та, қазіргі заманда заманауи өмірдің көшіне ілесуге тура келеді. Электронды сынып журналы, электронды күнделікке қазіргі уақытта оқушылар да, ұстаздар да машықтанып алған. Сондай-ақ барлық пәннен ағылшын тілінде емін-еркін сабақ бере алатын қабілеті бар ұстаздар да даярлануда. Алыс-жақын шетелдерге барып қосымша оқу оқып, іс-тәжірибесімен бөлісіп жүрген мұғалімдеріміз бен оқытушыларымыз қаншама қаламызда.
— «Қоғамдық келісім» болған соң қоғаммен тығыз қарым-қатынастасыздар. Мекемеңіздегі атқарылып жатқан мәдени іс-шаралар оқушылардың қатысуынсыз өтпейтін сияқты. Олардан қандай талпыныс, ынта байқайсыз?
— Қазақстанның болашағы, патриоттық рухы жоғары жастардың қолында. Демек отбасында берілетін тәлім-тәрбие де баланың өмірінде маңызды рөл атқарады. Жанұяда отансүйгіштігі, үлкенге ізет, кішіге құрметі бар, өзге ұлтты сыйлай білетін, өз ана тілінде сөйлейтін, елінің әдебиетін, мәдениетін, тарихын, этносын жетік білетін, жалпы адами қасиеттерге бай боп тәрбиеленген жас ұрпақ өз елін де, отбасын да, ұстазын да ұятқа калдырмайды. Мекемемізде өткізілетін мәдени іс-шаралар, әрине, міндетті түрде әр ұлттың балаларының атсалысуымен өтеді. Олардың көз жанарларынан бір отты байқаймын, «мен білейінші», «мен білгім келеді», «мен қатысқым келеді» деген ынтаны олардан жиі кездестіріп тұрамын. Баланың өзіне тән бір тазалығымен барлық шараларда белсенділік танытып жүрген жастарды көргенде, көңілің қуанады, көзің тояды.
— Ұстаздарға айтар жылы лебізіңіз болса, мархабат!
— Құрметті ұстаздарымыздың төл мерекесі құтты болсын! Дендеріне саулық, еңбек жолдарына шығармашылық табыстар, ақжолтай қуаныштар тілеймін. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, шәкірт оқытуда, тәрбиелеуде қажырлы еңбектерінің жемісі мен жеңісін көрулеріне шын жүректен тілектеспін!
Нұргүл Шатекова
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 05.10.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі