01 Ақпан, 2016
748
Судьялар мен медиаторлар бас қосты
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі жаңадан ашылған медиация кабинетінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңына бес жыл толуы қарсаңында сотта татуласу рәсімдері бойынша үйлестіруші судьялар, медиаторлар және БАҚ өкілдерінің бас қосуы өтті.
Алғашқы сөз кезегін алған облыстық соттың судьясы Н.Биболов жаңадан қолданысқа енген Азаматтық іс жүргізу кодексінде көрсетілген дауды медиация тәртібімен реттеу ерекшіліктеріне тоқталып өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің сарапшысы, облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, кәсіпқой емес медиатор Х.Бациев қатысушыларды орталықтың оңды жұмыстарымен таныстырып, облысымызда бүгінгі күнге дейін 197 Қоғамдық келісім кеңестері құрылғанын, оның біреуі облыста, 15-і аудандарда, 181-і ауылдық елді мекендерде орналасқанынан хабардар етті. Жаңадан құрылып, осы жылдың қаңтар айынан жұмыс жасап отырған Қоғамдық келісім кеңестерінің 1600-ден астам мүшесі бар екенін және олардың елдегі тыныштықты, ұлтаралық бірлікті, ынтымақты сақтауға үлкен үлес қосатынын айтып өтті.
Осыдан кейін сөз алған Оңтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ф.Балтаева, әл-Фараби аудандық сотының судьясы А.Нұрманбетова, «Медиацияны дамыту орталығы» қауымдастығының кәсіпқой медиаторлары Г.Имашева, А.Иманбеков, Э.Есімбетовалар жаңа заңның артықшылықтары мен азаматтар үшін медиацияның ұтымдылығы жайында әңгіме қозғады.
Мәлімет Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен алынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10