Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Мамыр, 2015

1438

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында семинар-кеңес өтті

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ – сі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Тағылымды жиынға ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, этномәдени бірлестік басшылары, аймақтық дін істері басқармасының мамандары мен облыстық және қалалық мешіттің бас имамдары қатысты. Семинар барысында департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Е. Жұмабай сөз алып, ҚР 2015-2025 ж.ж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, департаменттің жаңа жұмыс бағыттары: сыбайлас жемқорлық қатерлерін талдау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды. Жиын барысында әр қатысушы өз ойын ортаға салды. Этномәдени бірлестік мүшелері де сөз сөйлеп, қоғамның дертіне айналған жемқорлық аясында өз ойларын айтты. Шара соңында жиналған қауымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.

Кейін қарай