
02 Сәуір, 2021
648
Сыбайлас жемқорлықтан жалпылай бас тарту – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі
Қазақстан Республикасы - халықаралық аренада, сондай-ақ басқа да қызмет салаларында көптеген жетістіктерге ие жас, болашағы зор ел. Қарқынды дамып келе жатқан кез-келген мемлекет сияқты біз де болашаққа жоспар құрамыз. Басым бағыттардың қатарында «Қазақстан-2050» стратегиясы бар, оның басты міндеті - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру. Мақсатымыз айқын көрініп тұр, кезең-кезеңімен жүзеге асыруға болады, алайда бұған жол бермейтін жасырын жау бар, ол - сыбайлас жемқорлық.
Жасыратыны жоқ, бұл тіпті сыбайлас жемқорлыққа қатаң жаза қолданатын көптеген елдерде қиындық тудырып отырған мәселе. Ол қызмет салаларының барлық деңгейіне еніп кеткен, мемлекеттің басты жауы болып табылады. Өкінішке орай сыбайлас жемқорлықты ғасырлар бойы жеңе алмай келеміз, оны түбірімен жою бүгінде демократиялық қоғам құрудың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен бірге күллі қоғамның міндеті, өйткені кері байланыссыз бұл салада алға жылжу мүмкін емес.
Мемлекет сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын қарастырды, арнайы органдар құрылды, бірақ заңсыз әрекеттердің орын алмауын әлемдегі бір де бір мемлекет 24 сағат бойы бақылауда ұстай алмайды. Қоғам тарапынан қырағы бақылау болса ғана, сыбайлас жемқорлықты тізе бүктіруге болады.
Жыл сайынғы Жолдауларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға үнемі баса назар аударылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігіне азаматтар жемқорлықты қабылдамай айыптап, өздері қарсы шыққан кезде ғана қол жеткізуге болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғамның әлеуетін тарту бойынша тұрақты негізде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Этномәдени бірлестіктер - мемлекеттік саясаттың жол бастаушысы. АҚДМ «Қоғамдық Келісім» РММ «Адалдық алаңы» жобасымен бірге этномәдени бірлестіктердің өкілдерін қатыстыра отырып, жыл бойы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірқатар республикалық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, жастарды осы жобаға тарту қажеттілігі де бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық жастар ұйымдарының Жол картасын іске асыру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлық - бұл біз үшін емес!» репсубликалық акциясы аясында челленж, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесулер, түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін «Адал бол»акциясы жоспарланып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекетке ғана жүктелмеуі тиіс. Бұл әлеуметтік зұлымдықты мемлекет пен қоғам бірлесіп қана жоя алады. Парақорлыққа қарсы күресті өрістету бойынша жұмысты күшейту қажет. Осындай әлеуметтік зұлымдықпен күресте тәрбие жұмысы ерекше орын алады. Мемлекеттік органдарда әртүрлі форматтағы іс-шараларды өткізу қажет: кездесулер, семинарлар, бейнеконференциялар және т.б.
Жеке тұлғаның тұлғалық сипаты, оның ішінде қоғамның әл-ауқаты мен қауіпсіздігі үшін сыбайлас жемқорлықтың тигізетін залалы туралы оның таным-түсінігі дегініміз – ол жемқорлыққа көне салу емес, ол құбылысты түп-тамырымен жойып жіберуге әрекет ету.
Біз шығармашылық немесе тәрбие туралы сөз болғанда «мәдениет» сөзін естуге дағдыланғанбыз, бірақ сыбайлас жемқорлық адамдардың күнделікті өмірін ластағаны соншалық, бүгін бізде «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» деген түсінік бар.
Демек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз - бұл сыбайлас жемқорлыққа қатысты белсенді азаматтық позицияны көрсетуге бағытталған белгілі бір құндылық қатынастары мен қабілеттері. Демек, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім азаматтардың адамгершілік және азаматтық тәрбиесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, олардың қоғам алдындағы құқықтары мен міндеттерін білудің ажырамас бөлігі болуы керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі азаматтардың оны қабылдамауы мен айыптауын қалыптастырған, белсенді салауатты қоғамда ғана мүмкін болатынын бәріміз түсінеміз. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез-келген іс-әрекетті және заңбұзушылыққа тыйым салуы керек.
Еңбекпен келмеген дүниенің қайыры болмайтынын санамызға дұрыстап сіңіруіміз қажет. Біздің әрқайсымыз өзімізге және ұрпағымызға жарқын болашақ тілейміз, әрқайсысымыз елді өркениетті елге айналдырғымыз келеді. Ал, бұл үшін қаһарман болудың қажеті жоқ, жемқорлыққа жол бермеу жеткілікті, осылайша баршамыз сыбайлас жемқорлықпен күресіп, табысты болашақты қалыптастыруға үлес қосамыз.
Кайрыев Рустам,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
«Қазақстан ұйғыр жастарының одағы» РҚБ төрағасы
Макубаева Динара,
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ЭМБ -мен өзара байланыс Басқармасының жетекші сарапшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ