
12 Маусым, 2017
931
«Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі»
2017 жылдың 9 маусымында Алматы қ. Әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында бейнеконференц-байланыс арқылы дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара мақсаты: ЕлБасы Жолдауында көрініс тапқан міндеттер жағдайында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев, ҚР ПА Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Д.Қ. Мыңбай, ҚХА депутат тобының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша Комитетінің мүшесі С.А. Абдрахманов, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, медиаторлар және тағы басқалары қатысты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев ашып, сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінде де, мемлекеттік басқару жүйесінде де жоюдың жоғары маңыздылығын ерекше белгілеп айтты. Сонымен бірге, ол қазіргі кезде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықты алдын алуға көп күш салып жатқанын айтты. Мәселең, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын болдырмау, оның зардаптарымен күрескенге қарағанда тиімділеу.
Келесі болып ҚР ПА Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Д.Қ. Мыңбай сөз сөйледі. Ол сыбайлас жемқорлықпен күрес азаматтық қоғамның көмегімен, соның ішінде, этномәдени бірлестіктермен жүргізілуі керек екендігін айтты.
Баяндамаларымен шыққандар: «Қазақстан халқы Ассамблеясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі» тақырыбымен Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша Комитетінің мүшесі, ҚХА депутат тобының жетекшісі С.А. Абдрахманов, «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау Ұлттық идеологиясының қалыптастыруы» тақырыбымен Орталық Азия өңіріндегі Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі А.К. Сәдуақасова, «Рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеудегі отбасы рөлі» тақырыбымен Алматы облысы Аналар кеңесінің өкілі С.А. Сурабалдинова, «Қоғамдық сананы жаңғырту: Қазақстан Республикасының рухани жоғары азаматын тәрбиелеу» тақырыбымен «Қ.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі» МҚКК директоры Е.Р. Айтқұлов, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы гуманизм және азаматтылықтың идеясы» тақырыбымен Республикалық неміс драмалық театрының әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі А.А. Диденко, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбымен Ассамблея жанындағы этносаралық қатынастар бойынша журналисттер мен сарапшылар клубының төрағасы Г.А.Қаракөзова.
Дөңгелек үстел жұмысының аяғында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев сұрақтарға жауап берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
вчера, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті