
22 Маусым, 2017
1088
«Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел
2017 жылдың 21 маусымында Алматы қ. Достық үйінде «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара мақсаты – ЕлБасы Жолдауында көрініс тапқан міндеттер жағдайында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу.
Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы бойынша департаменті жетекшісінің орынбасары – Данияров Г.Г., Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары – Мамсуров К.В., Мәслихат депутаты, Алматы қ. ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы – Ниязова Н.И., «Жарасым» Республикалық жастар ұйымы төрағасының орынбасары – Кайрыев Р.А, жастар ұйымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА өзге де құрылымдарының басшылары, БАҚ.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Данияров Г.Г. сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінде де, мемлекеттік басқару жүйесінде де жоюдың жоғары маңыздылығын ерекше белгілеп айтты. Сонымен бірге, ол қазіргі кезде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықты алдын алуға көп күш салып жатқанын айтты. Мәселең, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын болдырмау, оның зардаптарымен күрескенге қарағанда тиімділеу. Сонымен бірге, дөңгелек үстел қатысушыларына сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын бейнелейтін бейнероликтер көрсетілді.
Қатысушылар Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Мамсуров К.В. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты баяндамасын, Мәслихат депутаты, Алматы қ. ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Ниязова Н.И. және «Жарасым» Республикалық жастар ұйымы төрағасының орынбасары Кайрыев Р.А. баяндамаларын қызығушылықпен тыңдады.
Дөңгелек үстел қатысушылары баяндамаларды тыңдағаннан кейін, ашық талқылауға кірісті. Талқылауға «Ватандаш» Қырым татар мәдени орталығының төрағасы Бабалиев С.У., Қазақстан орыс мәдени орталығының төрағасы Лукашев В.А., «Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Мамыров Р.К. және Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Кан Г.В. белсенді қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің құрамына Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін қосу ұсынысы жасалды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар